Кей кездері денсаулықты сақтау қиын болып кетеді. Мына қоршаған ортада, мына заманда денсаулығымызға әсер тигізетін түрлі зиянды нәрселер бар. Ал, бұрынғы батырларымыз, аналарымыз, аталарымыз сол қоршаған ортада денсаулығын, тәнін аман сақтап, ұрпағына да соны үйреткен.

Тарих беттерін ақтарсақ, мысалыға, Қабанбай батыр, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы қарт Бөгенбай батырларымызды басымды тік көтеріп айта аламын. Себебі, олардың сұсты бейнесі мен алып денесін көргенде жауларымыз сасқалақтап қашқан. Сондай алып дененің болуы мықты денсаулықтың айғағы.

Қазақтың кең байтақ даласын найзасының ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған батырлары:

Райымбек батыр. Бәйгеге 15 жасынан қатысқан, 17 жасынан әскери шайқастарда жауға қырғын салып, бөрі тиген қойдай дүрліктірген. Жоңғардың батырларын жекпе-жекке шақырып ақ білектің күшімен көзді жұмып тұрып той тарыс берген.

Қабанбай батыр. Өмірінде 103 мәрте соғысқа шығып бірде бір рет жеңілмеген. Жоңғар мен қара қытайдың есін шығарып, қуған оның сұсты бейнесі сыртқы жауларымызға үрейдің символындай көрінеді. Оның өзге батырлардан дене қайратының ерекшеленуі күштілігі емес, сол денесіндегі қалың қолдай тіктілік еді.

Наурызбай батырдың  керемет ерлігін Қазыбек бек Тауасарұлының    «Түп тұқиянан өзіме шейін» кітабынан көріп түртіп алдым. Ол жерде мына ерлігін жазып тамсандырған:

Ала атын мініп, майданға Наурызбай беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Өйткені Наурызбайдың ерекше тұлғасы олардың мысын басып кетіп еді. Қатты абыржып, жүйкесі таусылып кетті ме, Қаскелең күреңге қамшыны үсті-үстіне салып, бауырлатып-бауырлатып жіберді. Наурызбай мен Қаскелең соғысы көпке бармады. Наурызбай салған көксүңгі десеннен- ақ Қаскелеңнің жотасынан шықты. Қаскелеңді ат үстінде сүйеп тұрған Наурызбай найзасы екен, найза суырылғанда Қаскелең жерге құлап екі бүктеліп түсті.

Осындай тарихи сәттерді жаза келе, Қабанбай батырдың мына ерлігі есіме еріксіз түсіп кетті:

Қабанбайдың өлім аузында жатқан кезі еді. Ауырып, денесінде тілінбеген, жарақат түспеген жері қалмаған. Батырдың бұл халін қырғыздың Қарабек деген батыры естіп «маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек, оның ауылын көзі тірісінде шаппасам кегім қайтпайды» деп лекіреді. Сөйткенше Қабанбайдың ауылы азан-қазан болып қырғыздың батыры Қабанбайды өлтірмекші деген дауысқа тұнып кетеді. Аяқ қолының сау жері жоқ қарттық меңдеген Қабанбай бұл кезде төсек тартып жатса керек, бірақ, оның қаны басына шауып, өзінің өлім халіне таяғанын ұмытып кетеді. Бір Алласынан медет сұраған қарт батыр қырғыздың қара бегіне қарай ұмтылады. Қолына сүңгіні аусыра ұстаған, ат үстінде шірене отырған Қарабек тура жүрек тұсына қарайлап аттан аударып тастаған.

Қазақ тарихының қай бетін ақтарсақта ұялмай қарауға болады. Келер ұрпақтың міндеті бабалары секілді зор тұлға болу.

Салауатты өмір салты дегенде әркім әрқалай түсінеде.  Менің түсінгенім ол харам заттардан сақтану және спортпен айналысу. Бізге берілген тән, жан барлық аурудан ада, алайда, сол тәнімізге кейде өзіміз зұлымдық жасаймыз. Ол «денімді аман сақтап, салауатты өмір салтын сақтанамын» деп жүрген адамдардың өзінде ондай жағдай болады. Денсаулық бізге берілген аманат. Аманатқа қиянат жасамаған жөн.

Кез-келген елдің болашағы оның халқының денсаулығына байланысты. Сол себепті қазіргі таңда елімізде спорт жанданып келеді. Неге ел басымыз оған басты назар аударып, жарғылар шығарып жатыр? Себебі халықтың дені, жаны сау болғанын қалайды. Біз Қазақстан елінің тұрғындары спортқа бейімделіп, харам заттардан аулақ болсақ біз басқа елдерден әлде қайда жоғары сатыда боламыз. Жапондар техникасымен, Түріктер киімімен таңқалдырса біздер денсаулығымызбен неге таң қалдырмасқа? Айта кеткендей батырлармыздың өзі кезінде алып денелерімен жауларды састырған. Ол денінің сау екендігін тіптен мықты болғанын көрсетіп тұр. Сол батыр жауынгерлеріміз қазіргі ұртақтарды шаң қақтырады.

Қазіргі кездегі әлемде аты танылған спорт майталмандарын көргенде біздерді спортқа кішкенеде болса жетелейді. Ұрпақ деген атымыз бар халықпыз, бізде осы спортшылар секілді өзіміздің денімізді сау сақтап, спортқа беріліп, дұрыс тамақтанып жүргеніміз дұрыс.

Биылғы жыл жастар жылы деп жарияланды. Ал, сол жастар қоғамды дамыту үшін көңілді, дені сау күйінде ғана қоғамға қажет. Қазіргі заманның өзекті мәселесі кейбір жастардың зиянды (наша, темекі, арақ-шарап) заттарға әуестігі. Әрине бәрі емес, бірақ көпшілігі. Салауатты өмір салтын ұстану үшін көптеген шаралар қолданылуда. Алайда  нәтиже көңіл көншітерлік емес. Болашақ мамандар, яғни қазіргі студенттер жан саулығын, тән саулығын ұстанып жүру үшін спорт кешендеріне барып өз өздерінің жетілуіне күш салу керек.

Біздер жастар қай қай жағынанда әлсіз болуға еш құқымыз жоқ. Себебі тұнған тарихты арқалаған халықтың ұрпағымыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған