Спорттық үйірмелер қаншалықты қолжетімді? Алматы қаласында қоғамдық тыңдалым өтті 24 сәуір күні Алматы қалалық Қоғамдық Кеңесінің қатысуымен Алматы қаласындағы спорттық үйірмелердің балалар мен жасөспірімдерге қолжетімділігін бағалау бойынша қоғамдық тыңдалым өтті.

Сарапшы
Фото: Жиын барысы. Фото: Рустам Сағадиев/Arhar.kz

Бір жарым айдың ішінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, қалалық спорт инфрақұрылымының сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында спорт секцияларының аздығы мен олардың қолжетімсіздігі, азаматтардың көпшілігінің, оның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ екенін көрсетті. 

«Мұның себебі неде?» деген сұраққа келер болсақ, себептері әртүрлі. Мәселен, ұйымдар туралы ақпараттың жетіспеушілігі, спорт клубтарының жұмыс істеу шарттары мен режимдері, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту шеңберінде өткізілетін іс-шаралар, оның ішінде тегін іс-шаралар туралы ақпараттың жоқтығы басты себептердің бірі.

Сарапшы
Жиын барысы. Фото: Рустам Сағадиев/Arhar.kz

Спорт өкілдері, көп балалы аналар,  бұқаралық ақпарат құралдары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жауапты құрылымдар қатысқан тыңдалымның барысында спорт басқармасының қызметін жақсарту бойынша 20-дан астам нақты ұсыныстар ұсынылды.

Олардың бірі: Жұмысты «бұқаралық спортты дамытуға» бағыттау; Танымал спорт түрлері бойынша (футбол, күрес, бокс, жеңіл атлетика) еркін спорт секцияларының санын арттыру; Білім басқармасымен бірге барлық мектептерде тегін спорттық секциялар ұйымдастыру; Жеке спорттық секцияларда көп балалы отбасылар үшін жеңілдік жүйесін қарастыру; Олардың жасанды артық бағалануын болдырмау үшін әрбір спорт түрі бойынша балалар секцияларына жоғарғы шекарасын  белгілеу; Шалғай аудандардағы балаларға арналған спорттық секцияларға толық қол жеткізу үшін «арнайы автобустар» ұйымдастыру; Халықты ақпараттандыру жұмысын күшейту, бос орындардың адрестерін ашық қолжетімділікпен орналастыру; «Белсенді ұзақ өмір» жобасы шеңберінде зейнеткерлерді қамтуды арттыру; Спорт мектептеріндегі балалардың санын көбейту; Мемлекеттік спорт мектептерін жекешелендіру туралы шешімді тоқтата тұру; Спорт басқармасының жанынан кәсіби сараптамалық кеңес құру.

Алдағы уақытта осы ұсыныстар бойынша жұмыс барысы пысықталып, жиын барысында қозғалған мәселелер қолға алынатын болады.

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған