Студенттерде енді сынақ кітапшасы болмайды Сынақ кітапшасы енді студенттер, магистранттар мен докторанттар да болмайды.

Қазақстанда білім және ғылым министрлігі студенттерге қатысты жаңа бастаманы жүзеге асырмақ. Оған сәйкес ел студенттерінде енді сынақ кітапшасы болмайды. Бұл бастама арқылы ведомство бюрократияның алдын аламыз деп отыр. Бұл Newtimes.kz хабарлады

Ведомство таратқан хабарламаға сәйкес сынақ кітапшасы енді студенттер, магистранттар мен докторанттар да болмайды. Олардың пікірінше бұл жаңашылдық олардың баға қою процесін жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылуға жол ашады екен.

Министрліктің мәліметінше бүгінгі күні елдегі жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде студенттер, магистранттар мен докторанттардың оқу үлгеріміндегі жетістіктерінің тарихы жүргізілетін көрінеді.

Оқу үлгерімінің нәтижелері бойынша олардың тиісті транскрипті есептеледі екен. Траснкриптпен кез келген студент оқу жылының кез келген уақытында арнайы өтінім арқылы таныса алады.

Айта кетерлігі аталған бастама еліміздегі 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған