Олар зерттеу жұмысының қорытындысын сайтта жариялады, – деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеуге 750 мыңнан аса науқас қатысқан. Оның 10 мыңнан астамына COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылған.

Ғалымдар науқастарды жынысы, салмағы мен жасына қарай бөлген. Кейін олар бірінші қан тобындағылар арасында коронавирустың таралу деңгейі 9-18 пайызға төмен екенін анықтады.

Зерттеу барысында COVID-19 вирусы үшінші және төртінші қан топтарының иелерінде жиі кездесетіні белгілі болды: олардың 1,5 пайызы індетке оң нәтиже көрсеткен. Екінші топтағы адамдар арасында бұл көрсеткіш – 1,4 пайызды, ал бірінші топтағы адамдар арасында – 1,3 пайыз.

Төртінші қан тобындағы адамдарда коронавирус жұқтыру дерегі 4,1 пайыз жағдайда, үшінші қан тобындағыларда – 4 пайыз, екінші қан тобындағылар арасында – 3,9 пайыз, бірінші қан тобындағылар арасында – 3,2 пайыз жағдай тіркелді.

Айта кетейік, осыған дейін халықаралық ғалымдар тобы екінші қан тобындағы адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келген еді. Сарапшылар бұл құбылысты ерекше мутациямен байланыстырған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған