Түрікменстанда коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдан келген 470-ке жуық азамат карантинде жатыр, -деп жазады «Азатлык».

«Азатлықтың» ақпарат көздері хабарлағандай, Лебап провинциясының жұқпалы аурулар ауруханасында шамамен 240 әйел, ал 230 ер адам шатырлы лагерьде жатыр.

Шатырда жүргендер теледидар көре алады. Бірақ оларға ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Алдымен Қытайдан келген азаматтарға карантин 14 күнге созылатыны айтылған, бірақ кейін ол 24 күнге ұзартылған, дейді дереккөз.

«Олардың кейбіреулері үшін 14 күндік карантин 18 ақпанда аяқталуы керек еді. Бірақ содан кейін оларға 24 күн керек екенін айтты. Ал үшінші ұшақпен келгендердің емделу мерзімі 4 наурызда аяқталуы керек», – деді белгісіз дереккөз.

Ол сонымен бірге Қытайда жүрген Түркіменстан азаматтары өз отандарына оралғысы келмейтіндігін, себебі 24 күн карантинде өткізу керек екенін айтқан.

«Азатлык» тілшілері жергілікті билік пен денсаулық сақтау басқармасынан түсінік ала алмады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінде де растау мүмкін болмады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған