Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өкілеттігін уақытша тоқтатты Шешенстан президенті Рамзан Қадыров "уақытша жұмысқа жарамсыздығын" хабарлап, 13 қаңтардан бастап ел билігін Муслим Хучиевке қалдырды.

Бұл туралы Шешенстан үкіметі басшысының сайтында жарияланған өкімде айтылған, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Шешенстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша еңбекке жарамсыз кезімде Республика басшысының міндетін орындауды 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап Үкімет төрағасы Хучиев Муслим Магомедовичке жүктеймін», – делінген құжатта.

Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған