Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі артты – зерттеу Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 пайызға артып, 32 мың теңгеге жетті.

Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында ең жоғары – 37 мың теңге, ең төмені – Батыс Қазақстан облысында – 29 мың теңге, – деп жазады Finprom.kz.

Мамыр айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 32,1 мың теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (28,3 мың теңге) 13,4 пайызға артық. Ал тұтыну бағаларының индексі – 6,7 пайыз.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлік тауарлары – 17,7 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер – 14,5 мың теңгені алды.

13 жасқа дейінгі балаларға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 мың теңге, 14-17 жастағы ұлдарға – 40,5 мың теңге, 14-17 жастағы қыздарға – 31,1 мың теңгені көрсетті.

Еңбекке қабілетті халық үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі: ерлер үшін – 38,1 мың теңге, әйелдер үшін – 30,3 мың теңге. Зейнеткерлер мен қарттар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 30 мың теңгеге жетті.

2020 жылдың мамырында ең жоғары күнкөріс деңгейі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында тіркелді: 37,3 мың теңге – орташа республикалық деңгейден 16,2 пайызға артық. Нұр-Сұлтан мен Алматыда ең төменгі жалақы 37,2 мың және 35,8 мың теңге, бұл ҚР бойынша салыстырғанда орташа есеппен 15,7 пайызға және 11,5 пайызға артық. Сондай-ақ, ТОП-5 аймаққа Алматы (32,7 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (32 мың теңге) облыстары кірді.

Жалпы ел бойынша тек төрт өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен асады.

Қазақстан бойынша күнкөріс деңгейі ең төмен – Батыс Қазақстан (28,7 мың теңге), Ақтөбе (28,7 мың теңге) және Павлодар (28,8 мың теңге) облыстарында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған