Қазақстанда игі істер жасау марафоны басталды        Қазақстанда еріктілер жылының аясында 7 ақпан күні «Адам бол»  Игі істер Марафоны басталады. Оның бастамасы болған «Қазақстан волонтерлар Лигасы» қоғамдық қоры. Мақсаты – азаматтардың белсенді азаматтығын қалыптастыру және оларды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Баспасөз хабарламасы

Қазақстанда игі істер жасау марафоны басталды

       Қазақстанда еріктілер жылының аясында 7 ақпан күні «Адам бол»  Игі істер Марафоны басталады. Оның бастамасы болған «Қазақстан волонтерлар Лигасы» қоғамдық қоры. Мақсаты – азаматтардың белсенді азаматтығын қалыптастыру және оларды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Жақсылық жасауға ниет білдірген кез келген адам Марафонға қатыса алады. Марафон еріктілерді дамытудың жеті бағыты бойынша жасалған «Birgemiz» жобасы аясында өтеді. Бұл білім беру, медициналық, экологиялық еріктілік, қарт адамдарға көмек көрсету, қиын жағдайда жүрген адамдарға ақыл-кеңес қолдау беру, рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға ерікті болу және т.б. Жобаға қатысып жатқан жастар әр түрлі бағыттағы игі істерді жасайды. Қатарға көптеген азаматтарды тарту үшін олар өздерінің жасаған жақсы істерімен Instagram-да бөліседі.

Жобаға танымал БАҚ өкілдері, блоггерлер, актерлер және тағы басқа белсенді азаматтар қосылды. Марафонға қатысу үшін сізге біздің Инстаграм парақшамызға «Қатысамын» деп жазуыңыз қажет.

Ұйым волонтерлары өзінің ресми   парақшасында «Барлығымыз бірге әлемді  кішкене болсын мейірімге бөлейік! »- деп жариялады.

Игі істер марафонының кестесі:

5–6 ақпан – қатысушыларды тіркеу

   7-15 ақпан – игі істер марафоны

      Орналасуы: Қазақстанның 17 аймағы

      БАҚ өкілдерін аккредиттеу және басқа да қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша мына телефонға хабарласыңыз:

+7 707 597 34 21 Альфия

 

 

Пресс-релиз

 Марафон добрых дел пройдет в Казахстане

В рамках Года волонтеров в Казахстане 7 февраля пройдет Марафон добрых дел «Адам бол». Организатором стал общественный фонд «Лига волонтеров Казахстана». Цель – формирование активной гражданской позиции граждан и вовлечение их в социально – полезную деятельность.

Участниками Марафона может стать любой желающий, который готов творить добро. Марафон пройдет под общим концептом «Birgemiz» в рамках семи общенациональных направлений развития добровольчества. Это — образовательное, медицинское, экологическое волонтерство, помощь пожилым людям, наставничество людям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, волонтерство по сохранению духовно-культурных ценностей и т.д. Инициативная молодежь будет совершать добрые поступки разной значимости. Для призыва граждан к флешмобу они будут делиться совершенными добрыми делами в Instagram.

К проекту уже присоединились известные медийные личности, блогеры, актеры и многие другие.

«Для участия вам необходимо написать нам в Instagram «Участвую». Давайте вместе делать этот мир чуточку добрее!», – пишут волонтеры организации на своей официальной странице.

График проведения Марафона добрых дел:

    5–6 февраля – Регистрация участников на странице в Instagram @league_volunteers

7-15 февраля – Марафон добрых дел

Место проведения: 17 регионов Казахстана

По аккредитации представителей СМИ и другим интересующим вопросам обращаться по номеру: +7 707 597 34 21 Альфия

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған