Елімізде Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы мүмкін Сарапшылар Қазақстанда Наурыз мейрамын тоғыз күн бойы атап өтуді ұсынды.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Наурыз мерекесін өткізудің жаңа тәсілдері туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бұл тек қазақстандық емес, халықаралық ерекше мейрам. Наурызды тойлауда терең тарихи, тарихи-мәдени мән жатыр, бұл рухани құндылықтарды жаңғырту. Сонымен қатар, ол қоғамдық маңызды рөл атқарады», – деді ол.

Жанар Бұқанова отбасы құндылықтары мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Наурыз Шапағаты» атты тойлау тұжырымдамасын ұсынды.

Сарапшылар 14-22 наурыз аралығында 9 күндік іс-шаралар циклін өткізуді ұсынды, оның алтауы – дайындық:

14 наурыз – Көрісу (Амал) күні;
15 наурыз – Шежіре күні;
16 наурыз – Жайлау күні;
17 наурыз – Еріктілердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;
18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;
19 наурыз – Зияткерлік күні;
20 наурыз – Жоралғы күні;
21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;
22 наурыз – Бұқара күні.

Көрісу мерекесіне ресми мәртебе беру ұсынылды.

«Наурыз сыйлық – тоғыз күні ішінде табыстауға болатын сыйлықтар. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі киімін киюді ұсынамыз. Қазіргі уақытта Батыста кеңінен танымал біздің модельерлер мен неофолк, дәстүрлі киім-кешектеріміз Батыста өте танымал. Менің ойымша, бұл киімді күнделікті өмірде де киюге болады», – деді «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған