Қазақстанда індеттің екінші толқыны басталды – министр Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың екінші толқыны мамырда басталғанын айтты.

«Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді», – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 124-ке жеткенін айтқан еді, – деп жазады Tengrinews.kz.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған