Қазақстанда 4 мерейтойды тойлауға 4 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады Республикалық бюджет жобасында әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Конституция мен Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған шаралар бар.

Фото ашық дереккқзден алынды

Ел Үкіметі 2020-2022 жылдары республикалық бюджет жобасында әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Конституция мен Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған шараларды өткізуге 3,8 млрд теңге қарастырыпты.

Жалпы мәдениет пен спортты дамыту үшін 2020-2022 жылдары 304,7 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Оның 120,1 млрд-ы 2020 жылға бөлінген.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл қаражат театр, музей, кітапхана мен архивтер қызметін қамтамасыз етуге, спорт пен туризмді дамытуға, кадрлар дайындауға, фильмдер шығаруға жұмсалады.

Дереккөз:informburo.kz

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған