Қазақстан халқы бір жылда 21,7 пайызға көп кредит алған Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өскен.

Фото: dividend-center.com

Тамыздың соңындағы көрсеткіш бойынша, банк секторынан экономикаға кредиттер 13,05 триллион теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 0,8 пайызға көп.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өсіп, қазір 6,01 триллион теңгеге жеткен. Өз кезегінде, жекелеген несиелеуде қарыздардың ең үлкен көлемін тұтынушылық сегмент қамтамасыз етеді: сектордағы несие бір жыл ішінде 29,1 пайызға, яғни 3,8 триллион теңгеге дейін өсті.

АТФБанктің сегментіндегі ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлеме 17,2 пайыздан басталады. Екінші орында Bank RBK (18,77 пайыз), үшінші орында – ForteBank (24,6 пайыз).

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған