Қарақат Әбілдина Алматы қаласында тағы бір мектебін ашты

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болман бүгінде халықтың ыстық ықыласына бөленген жұлдызды жұп. Таңғажайып дауысымен, кәсіби шеберлігімен қазақ өнерінің айтулы жұлдызына айналған Қыдырәлі мен Қарақат ел арасында «Қарақат» мектеп-студиясымен де танымал.

Естеріңізге сала кетсек, жұлдызды жұп 2009 жылы дарынды балаларға арналған «Қарақат» мектеп-студияның негізін қалаған болатын. Енді бүгін олар Алматы қаласында кезекті «Қарақат» өнер мектеп студиясын ашты.

Аталған мектепке балалар төрт жасынан бастап қабылданады. Және де мектепте балаларға ұлттық ойындар мен фортепиано аспабын, сонымен қатар, актерлік шеберлік пен биді де үйретеді.

Алматыдағы мектептің ашылғаны жақында болса да, келушілер саны өте көп екен. Әнші жұмысқа тұруға келген мамандарды өзі бақылайтынын айтады. Олар осылайша талантты балалардан табысқа жетер азаматтар өсіп шықса екен дейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған