Жер сілкінісінің қашан болатынын дөп басып айту қиын, дегенмен оны кейбір жануарлар алдын ала сезеді деп жатады. Мәселен, иттер қыңсылап, иелерінің аяғына оратылып, мазалайды, мысықтар марғауларын тістеп, ғимараттан шығара бастайды деген сияқты. Жалпы, қандай жағдай болмасын жер сілкінгенде қауіпсіздік ережесін білген абзал.

Қалай дайындалу керек?

  • Жер сілкінісі кезінде және одан кейін үйде, мектепте, кинотеатрда, көлікте немесе көшеде қалай әрекет ету керек екенін алдын ала ойластырып жүріңіз.
  • Пәтердегі, мектептегі, көшедегі қауіпсіз орындарды анықтап алыңыз.
  • Жер сілкінісі кезінде отбасы мүшелерінің әрқайсы әр жақта жүрген жағдайда қалай және қайда кездесу қажет екенін анықтаңыз.
  • Үйде бірнеше күнге жететін ауызсу мен азық-түлік сақтаулы тұруы керек.

Не істеу керек?

  • Егер жер сілкінісі басталса, байбалам салып, өзіңізді де, жұртты да дүрліктірмеңіз. Көп қабатты үйдің бірінші қабатында немесе жер үйде тұрсаңыз, тез арада ғимаратты тастап шығуға тырысыңыз.
  • Егер екінші қабатта немесе одан биігірек орналасқан болсаңыз, ғимарат ішінен шықпаңыз. Үлгере алмауыңыз мүмкін.
  • Жер дүмпуінің тоқтауын күту үшін қауіпсіз жерді алдын ала анықтап алғаныңыз жөн. Мұндай орын ретінде қабырғаның ішкі іргесін, бұрышты алуға болады. Құлайтын ауыр заттардан қорғану үшін, үстел мен кереуеттің астына тығылуға болады. Сонымен бірге, жуынатын бөлмедегі ваннаның ішіне немесе астына тығылып, мойныңыз бен басыңызды жастық немесе киім-кешекпен қымтап қою да көмектеседі.
  • Егер мүгедек арбасында болсаңыз, арба доңғалағын қатырып, басыңызды жабуға тырысыңыз.
  • Жер дүмпуі басталғанда көлік ішінде болсаңыз ғимараттан, электр жүйесінен аулағырақ кетуге тырысыңыз. Автокөлігіңізді жолдың шетіне қойып, жер асты дүмпуі аяқталғанша, салоннан шықпаңыз.

Жер сілкінісі кезінде кез келген ғимарат ішінде терезеден немесе баспалдақтан аулақ болуға тырысыңыз. Есіктің алдында кептеліс жасауға, бірінші қабаттан жоғары орналассаңыз, терезеден секіруге, лифтке кіруге болмайды. Өйткені, күшті жер дүмпуі кезінде, көбіне, электр қуатын беру жүйесі автоматты түрде тоқтайды.

Көшеде болсаңыз:

  • Ашық алаңда қалуға тырысыңыз;
  • Ғимарттардан, электр бағандарынан, ағаштардан алшақ кетіңіз;
  • Үзілген электр сымдарына жақындамаңыз;

Үйде:

  • Ең қажетті құжаттарыңызды жинаңыз;
  • Азық-түлік қорын ұзақ уақыт сақтауға арналған қаптамаларға салып қойыңыз;
  • Алғашқы көмекке қажетті дәрілер мен медициналық құралдарды дайындаңыз;
  • Отбасыңыздың әр мүшесіне арналған апаттық жолдорба даярлаңыз. Оған жылы киім, ыңғайлы аяқ киім, жаңбырдан қорғайтын жапқыштар, дәрі-дәрмектер мен ақпараттық парақтың көшірмесін, су мен азық-түлік салып қойыңыз.

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:

• ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
• сынған шынылардың құлауы;
• үзілген электр сымдары;
• пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
• өрт;

Жер сілкінісінен кейін:

  • Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз;
  • Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе;
  • Радиоқабылдағышты қосыңыз;
  • Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз;
  • Ашық отты пайдаланбаңыз.

Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз. Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.

Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама түрткіге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған