Toyota Motor Corp жапон корпорациясы бүкіл әлемнен 3,4 миллион автокөлігін қайтармақ. Оған себеп жол көлік оқиғасы жағдайында қауіпсіздік жастықшалары электрондық ақаулық әсерінен істен шығып, уақытылы ашылмауында болып отыр. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайтарылып жатқан көліктердің 2,9 млн. данасы АҚШ мемлекетіне тиесілі. Электрондық ақаулық Corolla (2011-2019), Matrix (2011-2013), Avalon (2012-2018) және Avalon Hybrid (2013-2018) модельдерінде табылған.

Ақауы бар  көліктердің электронды басқару блогы жол көлік оқиғасы кезінде пайда болатын соққылардан тиісті түрде қорғалмаған. Бұл өз кезегінде  қауіпсіздік  жастықшаларының істен шығуы, уақытылы жұмыс істемеуіне алып келеді.  Сонымен қатар қауіпсіздік белдіктерінің қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Бұған дейін шведтік Volvo компаниясы қозғалтқыштың ақаулығы салдарынан бүкіл әлемде жарты миллион автокөлігін қайтарған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған