Қымбат көліктер мен түрлі форумдар, семинар шығындарға мораторий жариялауды ұсынамын – Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды.

Бұл туралы Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда түсіруі керек», – деді Тоқаев. 

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған