Қытайда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 9 692 адамға жетті.

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасында айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін 7 711 адамның вирус жұқтырып, 170 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Басылымның мәліметінше, соңғы тәуліктің өзінде 1 982 адам вирус жұқтырған.

«30 қаңтардағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау мәселелері бойынша комитетке 31 провинциядан 9 682 адамның вирус жұқтырып, олардың 1527-сі ауыр жағдайда екені, сондай-ақ, 213 адамның қайтыс болып, 171 адамның ауруханадан шығарылғаны хабарланған», – дейді комитеттегілер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған