Қытай түрмесіндегі жазасын өтеушілер жаппай вирус жұқтырған: концлагерь тұтқындары не болмақ? "Жэньчэн" түрмесінің тұтқындары жаппай вирус жұқтырған.

Абақты Шаньдун аймағында орналасқаны белгілі. 20 ақпанда 200 жазасын өтеуші мен 7 қауіпсіздік саласының қызметкері вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы Шаньдун аймағының құқық қорғау саласының баспасөз қызметі хабар етті.

Жалпы жиынтығы 2077 адамды тексерістен өткізген. Барлық вирус жұқтырған тұтқындар мен күзетшілер оқшауланып, жеке ем қабылдап жатқаны белгілі болды.
Аймақ басшысы ақпан айының басында түрмедегі жазасын өтеушілер арасында вирус симптомдары байқалғанын айтады. 12 ақпанда түрме күзетшісінің қызуы көтеріліп, оны карантинге жапқан. 13 ақпанда одан вирустың бары анықталған.

Осы жайттан кейін «Жэньчэн» түрмесінің басшылығы вирусты тоқтату үшін сақтық шараларын жасаған. Алайда вирус түрмедегі жазасын өтеушілерге тарап үлгерген. Осы оқиғаға байланысты аймақ басшысы Цзе Вэйцзюн өз қызметінен кетті.

Еуропалық сарапшылар тура осындай жағдайдың концлагерьлерде болып жатуы мүмкін екенін айтады. Женевадағы «Адам құқығын сақтау бюросының» өкілі Джек Сеймонның айтуы бойынша, «вирус тараған күннің өзінде, билік ақпаратты жасырып, көз жұмғандарды құпия түрде көме салмақ» екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған