Ұлттық университеттерге түсу үшін кем дегенде 65 балл, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек;

Білім салалары бойынша:

  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кем дегенде 60 балл;
  • Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 70 балл;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кем дегенде 65 балл.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бейнежазбаны қарау кезінде түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылатынын мәлімдеген болатын.

Министрдің айтуынша, осы жылы тест тапсырушыларға қарапайым калькулятор беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылған.

Ол талапкерлерге тестілеуге дайындалу үшін түрлі жағдайлар жасалғанын жасырмады.

«Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер емін-еркін осы сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз», – дейді Аймағамбетов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған