Фото: The Daily Beast

Федералды және жергілікті билік органдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да ақпарат көздерінің мәліметтерін жинақтайтын Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7 006 436-ға жеткен, – деп жазады  РИА Новости.

402 120 адам індеттен қайтыс болған.

Осы уақытқа дейін әлем бойынша 3 133 664 адам ауруынан айыққан. Вирус жұқтырғандардың саны бойынша Америка Құрама Штаттары көш басында келеді, онда 1 940 468 адам коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар елде COVID-19-дан 110 мыңнан аса адам қайтыс болды. Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте тағы 165 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 859-ға жетіп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған