Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін Бүгінде коронавирус өте тез таралып жатыр.

Фото: Reuters

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды ScienceMag.

«Болашақта осы вирусты жұқтырғандарда ешқандай белгі болмауы мүмкін. Аурудың ешқандай белгілері байқалмай, адам өзін бірден нашар сезінеді», – дейді ғалым.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус өте тез таралып жатыр.

«Мысалы, СOVID-19 вирусы АҚШ-та бүкіл елде тарауы үшін 100-200 адам осы вирусты жұқтырса болғаны. Алдағы жылы әлем халқының 40 пайызынан 70 пайызына дейін вирус жұқтыруына жол беріп отырмыз, яғни 5,3 миллиард адамға дейін осы вирусты жұқтыруы мүмкін», – дейді Марк Липсич.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған