Қытай билігі 200-ден аса қазақты іздеп жатыр

0
4867

Шыңжаң құқық қорғау органдары 200-ден аса ұлты қазақ Қытай азаматына іздеу жариялады. Бұл туралы Radio free Asia-ға сілтеме жасап Regnum хабарлады. Басылымның жазуынша, нақтыланбаған мәліметтер бойынша билік тыйым салған аудиожазбаларға қол жеткізген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері қудалауға ұшыраған.Бұл жайлы аудио жазба жүктелген интернет-қауымдастықтың бір мүшесі мәлімдеген. Әйтседе Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында тұратын ол аталған мәліметті отбасы қауіпсіздігіне алаңдағандықтан растай алмады.Маусым айының орта шенінде 10 қазақтың Қытай тәртіп сақшылары тарапынан қамауға алынғанын белгілі болды. Оған себеп қолға түскендер ұйғыр мұсылмандарымен байланыста болған көрінеді. «Radio free Asia» Шыңжаңдағы мұсылмандарға бірнеше қайтара шабуыл жасалғанын, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік қызмекерлерге дінді ұстануға тиым салынғаны, Ораза айында кейбір шенеуніктердің амалсыз ас ішкені жайлы жазған.

Дереккөз:https://kaz.caravan.kz/

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*