КОНОР — КОЛИЗЕЙ, СПОРТ — САЯСАТ, ӨЙ, ӘКЕҢ!

Жарияланды at 15:32
646 0

Кеше ғана «ғасыр шоуы» болып өтті. Мейвезер мен Макгрегордың айқасы миллиондаған көрерменді өзіне қаратты. Қаражат, шоу, тамаша әуен, тікелей эфир, қойылым. Бірақ мұндай шоу осы ғасырдың туындысы емес, ол тіпті 20-ғасырдың да баласына жатпайды. Оның тарихы менің ойымша мыңдаған жылдарды қамтиды. Қалай десеңіз, былай.
72 жылы Рим императоры Веспасиан әлемге әйгілі Колизейді сала бастады. Сегіз жылдан кейін саясаттың басты құралы салтанатты түрде ашылды. Иа, Колизей императорлардың басты құралына айналды. Колизейге дейін халық наразылығы үнемі білінетін. Тіпті 69 жылға дейін Римді шайқалтқан 20 жылдық азаматтық соғыс болып өтті. Осының бәрін тоқтатып, халық наразылығын саяси аренадан басқа бағытқа аудару керек болды. Құлдар мен гладиаторлардың жанын алатын ажал алаңы таптырмас нұсқа еді. Нәтижесінде 70 мың адам сиятын Колизей бой көтерді. ( 2 мың жылдан соң 30 мың адамды қамтитын алаңды біз әрең салдық). Халық назары біртіндеп алаңға ауысты. Күндегі қырғын, қызыл қан мен сұмдық шайқас көптеген пенденің басын саяси саладағы былықты ойлаудан босатып тастады. Билеушілерге керегі де сол ғой. Бірақ халықты жалықтырып алмау үшін шоу керек еді. Ендігі таңда жай ғана гладиаторлар шайқасып, құлдар құрбандыққа шалынып қоймай, сонымен қатар жыртқыш аңдар мен адамдар айқасы да ұйымдастырылды. Ал кейіннен тіпті Колизейдің іші суға толтырылып, нағыз теңіз шайқасы орын алды. Міне, бұл сол заманның шоуы. Шоу қаншалықты әсерлі болса, кіру бағасы да соншалықты қымбат болатын. Ең бастысы бұл шоулардың барлығы, жалпы аренадағы айқастар «саяси құрал» ретінде қолданылды.
Міне, содан бері екі ғасыр өтсе де ештеңе өзгермеді. Біз оны кеше көрдік. Жаһан халқына біртекті төбелес аздық еткен соң, бокс пен ережесіз жекпе-жекті қосып мәз болдық. Шоудың нәтижесі о бастан-ақ белгілі болса да, эмоцияға беріліп, рационалды ойлауды көбі ұмытты. Өйткені құрлықтағы пілмен құрлықта кит төбелессе кім жеңетіні айдан анық қой. Жә, оны қойш. Қысқасы кеше саяси шоудың тұсауы кесілді. Енді мұндай шоулар көбейе бермек. Кеше Мейвезер де, Конор да жеңді. Бүкіл әлемнің назарын өзіне аудартты, қыруар қаржы тапты, тамаша рөл ойнады.
Жалпы спорт, әсіресе аренадағы айқас саясаттың құралы ретінде дами бермек. Мысалы футбол. Футбол – үлкен саясат. Ол ішінде үлкен наразылығы бар жандарды фанатқа айналдырып, ішкі ашуын басқа жаққа шығарудың хас шебері. Ал Ресей тіпті сондай футбол фанатарынан скинхедтерді жасап, идеологияның бір бөлігіне айналдырды. Мысырда тіпті «Араб көктемін» осы футбол алаңынан бастады. Бұл бір ғана мысал. Көптеген спорт осындай саяси құрал ғой. Қазір әлемнің ширек халқы өз елінде не болады деп емес, спорт алаңдарында не болады деп елеңдеп отыр. Керемет эффект. Бір ғана дүние қынжылтады. Лас саясаттың спортқа да жеткеніне ішім ашиды. Сондайда «өй әкең» деп бір боқтағың келеді.

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Асхат Қасенғалидің парақшасынан

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды таныстырады

Жарияланды - 25.11.2015 0
Қазақстан Үкіметі 8 желтоқсанда дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды таныстыруды жоспарлап отыр, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Парламент Сенатының кеңейтілген…