Қуат Хамитов жеңіліп қалған қазақ жауынгері үшін кек қайтаратынын айтты

Жарияланды at 16:19
185 0

Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат «Найман» жеңіліп қалған қазақ жауынгері Арман Оспановтың қарсыласы Тиаго Сильвамен жекпе-жекке шығып, отандасының кегін алуға дайын екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Екі апта бұрын маған жергілікті ұйымдастырушылар Қазақстанда жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бұл мені аса қызықтырмаған еді.

Алайда, бразилиялықтың жеңісінен соң біздің жауынгердің кегін қайтарғым келеді. Қытайдың жеңіл салмақтағы үздік жауынгерінің кездесуін көрсететін кез келді. Ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекті жасаңыздар», — деп жазды Хамитов

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов «Alash Pride FC – ACB» халықаралық турнирі аясында бразилиялық Тьяго Луис Силвамен жекпе-жек өткізіп, өз мансабында алғаш рет жеңіліп қалған болатын.

Дереккөз NUR.KZ

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар