Үздік сайттар анықталды

Жарияланды at 14:26
171 0

Жаңа XXI ғасыр газет, журнал басылымдарын шетке шығарып, сұранысы жоғары, бір минутта бірнеше миллион оқырманды құрайтын, ақпаратты құрлықтарға жылдам жеткізіп, әлемнің бір шетін екінші бөлігімен байланыстыратын жетістікке жетті. Бүгінгі таңда адамзат ойлау деңгейі мен ақпаратты қабылдау жылдамдығы орта ғасырмен салыстырғанда бір жылда алатын ақпаратты бір айда қабылдап, сиясы кетпеген жаңалықтармен дер кезінде хабардар болып отырады. Мәселен, мамандардың есебі бойынша 50 миллион адамдық аудиторияны қамту үшін телевизия мен радиоға кететін 38 жылды әлеуметтік желі арқылы 4 жылда қол жеткізуге болатындығын дәлелдеген. Ал бұл тұрғыда ақпараттарды халыққа жедел жеткізіп отыратын ақпараттық сайттардың алар орны ерекше.
Әлемнің дамыған қатарлы тізіміне енуде барынша ізденіп, әлем жаңалықтарынан қалыс қалмай, қоғамдық дамудың үздіксіз үдерісін кешіріп отырған Қазақстан ақпараттық қоры күн санап дамып келеді. Олай болса, асылды жасықтан, арғымақты жабыдан ажырататын бәсекеге қабілетті қоғамда ақпараттық кеңістік саласында жұмыс істейтін үздіктердің үздігі болған қазақстандық сайттарға шолу жасаймыз. Өткен жылы қазақстандық сайттардың сапасын ескере отырып үздіктер тізімін жариялаған ұлттық интернет Аward.kz 12 тақырыптық және 11 ынталандыру аталымы бойыншы жылдың ең мықты сайттар тізімін анықтады. Бұл сайыста ақпарат агенттіктерінің сырт бейнесі мен жұршылыққа танымалдығын ескермей, әділ түрде сапа жиынтығы мен қызмет көрсеткішінің жоғарылылығына аса мән берген. Үздік жеңімпаз сайттардың тізіміне тоқталатын болсақ: Масс-медиа – Vласть аналитиекалық интернет журналы;, Мәдениет пен өнер — Қазақстан кино порталы негізінде ақпараттандырушы «Бродвей»; Бала тәрбиесі, білім беру мен ғылым – Маңғыстау облысы мектептері оқу ісінің электронды порталы; Дене шынықтыру және спорт, медицина мен денсаулық сақтау, саяхат жасау және демалыс – «Ренессанс» спорт клубы сайты; Желілік сервистер – HiPO жұмыс істеу порталы; Корперативтік сайттар – «Top Kazakhstan» компаниясының сайты; Салалық және өндірістік порталдар – жұмыс кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге арналған сайт AND.KZ порталы; Билік пен өзін-өзі басқаратын органдар – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайты; Қоғамдық ұйымдар – Red Jolbors ортаазиялық жарнама фестивалі; Жеке парақшалар – Netpeak бизнеске арналған интернет-маркетинг блогы; Интернет-дүкендер – Topfood Kazakhstan сайттары көш бастады. Сондай-ақ мемлекеттік тілдегі үздік сайт – 7kun.kz іскерлік жаңалықтар сайты; Екі тілді үздік сайт – Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайының сайты; Маркетингтік мүмкіндігі жоғары сайт – lamoda.kz интернет дүкені алдыға шықты. Тек бір жақты жаңалықты жеткізу ғана емес, өзіндік бояуымен ерекшелінетін, қызметтік, тілдік, мәселелі ақпараттарды қоғамға дәл жеткізіп отырған әр сала сайттарының көрсеткіші жоғарыдағай үздікдер қатарынан бой көрсетті. Сайттарды сараптаудан өткізу барысында мәліметті жеткізу ерекшелігіне мән бергендігін байқаймыз. «Факт жоқ- ұғындыру бар» қағидасында халыққа ой қалыптастыратын ақпараттық кеңістік, үздік сайттар легі тақырыбына байланысты жекелеген критерилердің мағынасын кеңейтуге күш салу керектігін ұғындырады.

Жанерке Серикова

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар