Астана-Ташкент қатынасы: соңғы кездесу не өзгертті?

Жарияланды at 14:29
220 0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жақында ғана Өзбекстанға сәтті іс-сапар жасап, екі ел арасындағы тиімді қатынастың тұрақты болуына сәйкес мемлекетаралық мәселелерді шешіп қайтты. Ала шапанды ағайынмен арада кеңейтілген және шағын келіссөздер жүргізу арқылы темір жол, коммуникациялық жобалар, көлік және су қатынасы жөнінде мәмілеге қол қойды. Достық қарым-қатынас негізінде екі ел президенті, ең алдымен, ынтымақтастық пен серіктестікке ерекше назар аудару арқылы екі ел экономикасы мен әлеуітіне қажетті, екі елдің өңіраралық сұранысын қанағаттандыра алатын, тиімді келісім жасасты. Сонымен қатар қазақ- өзбек шекарасынан өткізу бекеті мен көлік жолдарын қайта жаңарту, шекара аумақтарын абаттандыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Кездесу аясында Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатын құрметтейтін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Н.Ә.Назарбаевты «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттады. Ш. Мирзиёев тарапынан берілген бұл мапарат Қазақстан саясатының ашық әрі жүйелі болуына берілген жоғары бағасы. Себебі Орталық Азия мемлекеттері тарапынан энергетика, су, шекара түйткілдерінен пайда болған кейбір кертартпа тұстарға Қазақстан байыппен қарап, тұрақты қарым-қатынасты бұзатын әркеттерге ешқащан бармаған.
Елбасы көрші елмен байланысты жандандыра түсуге үнемі оң ықпал жасауы достық қатынастың нығаюын көздейді.
Іс-сапар барысында бірқатар маңызды үкіметаралық келісімге қол қойылды. Атап айтсақ келісімге ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов пен ӨР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы М.Тохири Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы контрабандамен және кеден заңнамасын бұзумен күрестегі, қазақ-өзбек арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов пен ӨР Қорғаныс министрі А.Азизов, «ҚТЖ» президенті Қ.Алпысбаев пен «ӨТЖ» басқармасы бастығының бірінші орынбасары А.Шукуров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Өзбекстан темір жолдары» АҚ арасындағы достық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар энергетика саласы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаев және Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Раматов үкіметаралық келісім құжатына қол қойды.

Жанерке Серикова

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Россия и Китай не согласны с американскими санкциями против фирм из этих стран

Жарияланды - 24.08.2017 0
Власти КНР призвали Вашингтон «исправить ошибку» Официальные представители России и КНР высказали возражения по поводу санкций, введенных Соединенными Штатами против…

Біз бүгін тарихи мәселені шешу үшін жиналдық — Назарбаев

Жарияланды - 03.03.2017 0
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының біріккен отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу»…

«Алматы-2» станциясында вагон өртенді

Жарияланды - 19.01.2017 0
«Алматы-2» станциясында вагон өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. «19 қаңтарда сағат 08.40-та…

Тозағы мен табысы мол кәсіп

Жарияланды - 12.10.2016 0
 Өмір сүру үшін басты қажет ауа болса, ауадай қажет дүниенің тағы бірі – мақта. Ол жайында қазақ қоғамында да «адам…