Қытайда жаппай Құран мен жайнамазды тәркілеп жатыр!

Жарияланды at 16:38
958 0

Қытайдағы Синьцзян-Ұйғыр автономиясында мұсылмандардан жаппай қасиетті Құран кітабы мен жайнамаздарды тәркілеп жатыр. Ол жайында Radio Free Asia ақпараттық порталы Қытайдағы жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады. Ұйғыр халқы өкілдерін арнайы жиналыстарға шақырып, ислам дініне қатысты мәдени және діни заттарды өткізуін талап етуде. Оны Үрімжідегі Сайбаг ауданындағы атын жасырын ұстаған шенеунік те растап отыр. Оның айтуы бойынша мұндай жиналыстар ұдайы түрде жарты жыл бойы өткізіліп келеді. Осы аралықта 5-6 мың жайнамаз бен Құран тәркіленген екен. RFA басшылығының мәліметі бойынша кейінгі уақытта Қытайда мұсылмандарға қысым артқан. Ресми тұрде ислам дініне тыйым салынбаса да, өзге діндерге қарағанда мұсылмандар қудалау көріп отыр. Оны Қытай билігі «теріс ағымдармен күрес» деп атаса да, мұсылмандар мазхабы мен ағымына қарамастан түгел қудалануда. Бұл ретте этникалық мәселеге де мән беріліп отыр. Мысалы хуэй (хань халқына жақын) халқы еш кедергісіз ислам дінін ұстанса, қазақ, ұйғыр, қырғыз халықтарына қысым көп көрсетілуде.Оларға ораза ұстауға, намаз оқуға, балаларын ислам дініндегі есімдермен атауға тыйым салынған.

Дереккөз:http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1507086180

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар