Атамбаевқа ақша бергенде ғана ағайынбыз!

Жарияланды at 17:10
342 0

Біздей ақкөңіл халық жоқ шығар. Анаған да елпілдеп, мынағанда жалпылдап жүреміз. Қазақ пен қырғызды бөліп жармай, көздің ағы мен қарасындай деп жыр шығарады ақындарымыз. «Төскейде малы, төсекте басы қосылған елміз» деп қоямыз. «Қазақ қырғыз бір туған» дегенді жиі айтамыз!
Бірақ қырғыз басшысы осының бәрін ұмытқан ба қалай?! Ақша керек кезде Атамбаев үшін біз бауыр бола қаламыз, басқа уақытта бізден жаман ел жоқ. 100 млн долларды алғанша «қазақ бауыр», «алаш ағайын» дегені аузынан түспеп еді, енді кетер кезде күңкілдегені ұят екен. «Кей қазақ оны нағыз шындықты айтты, ер екен» деп жатыр. Ол айтпаса да жақсы біліп отырмыз жағдайды. Бірақ қанша өкпе-ренішіміз болса да, қазақтың басшысын да,қазақтың өзін де мақтайтын да, даттайтын да тек қана ҚАЗАҚ баласы! Басқа халықтың басшысының да, басқа халықтың өзінің де онда шаруасы болмасын! Әр халық өз жыртығын өзі жамайды, сондықтан қырғыз басшысы үңірейген тесігін түгендемей тұрып, өзгеге сын айту не теңі. Осы уақытқа дейін біздің ел Бішкекке қаншама қаражат пен көмек беріп келді. Соның ішінде Елбасының тікелей тапсырмасымен қаншама жоба жүзеге асты. Қайтарымсыз! Қазақтың базарында мыңдаған қырғыз жан бағып жүр, тіпті жеке нарықтары да бар. Қазақ жаман болса жүз мың қырғыз неғып жүр?! Өз елі жұмақ болса, Атамбаев айтқандай «өз жолдарын тапқан болса» елдеріне қайта берсін.
Иә, кемшілігіміз жетерлік. Бірақ оны өзіміз жөндейміз. Өзгенің ақылы көп болса езіп ішсін. Қазақтың ішкі жағдайына алаңдағанша, Атамбаев мырза оңтүстік шекарасын күзетіп алсын. Әне-міне талиб тарпа бас салайын деп отырған қауіпті сәтте, олар үшін біз ауадай қажетпіз. Өзбекпен өкпесі қара қазандай, Қытаймен қорқынышта отырған, тәжікпен тоңтеріс отырған қырғыз ағайын үшін қазақпен достық аса маңызды. Көршімен тату болу керек. Қырғыз халқын құрметтеймін, ал мына жазба тек қана басшысы айтқан былжыраққа айтылған эмоциялық сын ғана. Саяси астары жоқ дүние. Ішкі Істердің айтқан жауабы ұнады: Таспен ұрғанды аспен ұрғандай екен!
ПыСы: «Басшыны өзіміз сайлаймыз» деп отыр екен. Әлемде қай елге қандай басшы отыратынын шешетін қазақ та, қырғыз да емес, ұлы державалар! Қандай басшы отырса да, солардың қалауымен отырады!

Асхат Қасенғалидің Фейсбуктегі парақшасынан

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Астанада Байтайлақ батырды еске алуға арналған халықаралық конференция өтеді

Жарияланды - 01.10.2015 0
Бүгін Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар аясында «Ақтабан шұбырынды» заманында Абылай…

Түркия гей-парадтың тас-талқанын шығарды

Жарияланды - 20.06.2016 4
  Түркияда гей-парад ұйымдастырмақ болғандарды құқық қорғау органдары көз жасауратар газ қолдану арқылы қуып тастады. Сондай-ақ, Стамбул полициясы резеңке оқты…