МАГИСТРАТУРА — 4 жылдық бакалаврды 2 жылда қайталау!

Жарияланды at 17:14
249 0

Биыл магистратураға грантқа түстім. Бірақ күн сайын өзіме өзім сұрақ қоямын: «Осы магистратура не береді маған?» Жауап жоқ. Әзірге сол бакалаврді қайталау, жалпы менің түсінігімде магистратура дегеннің өзі 4 жылдық бакалаврді 2 жылда қайталау. Болды! Кей жандар сол магистратураны он күндік шетелге бару үшін оқып жатыр, олардың арасында қыздар көп. Ал кейбірі мансап жолында өрлеу үшін магистрлік диплом керек дейді. Әр адамның мақсаты әр түрлі. Олда дұрыс шығар! Бірақ маған бір ұнамайтыны магистратурада тура бакалаврдегідей сабақ беру формасының болуы. Субъективті көзқарасты ескермеу, сол бакалаврдегі сабақтар, тереңдіктің аздығы, шәкірт пен ұстаз арасындағы диалогтің жетіспеушілігі. Мысалы жалпыға ортақ психология деген пән бар. Оны бакалаврде де, магистратурада да оқиды. Бакалаврде оқыған түйсік, зейін, ой дегендерді магистратурада да малта құртша езіп отырмыз. Ұстаздарға «адам психологиясын қалай анықтауға болады, тобыр санасын билеу және т.б үйретіңіз» десем, «бағдарламадан ауытқуға болмайды» дейді. Лібәәә, «түйсік пен зейіннің ережесін білгеннен менің өміріме пайда бар ма?» деген сұрақты қойып келем өзіме. Пайда жоқ қой нақ! Жалпы көп жерде осы.

ПыСы: Дамыған батыс елдерінде магистратураға үлкен дайындықпен барады. 30 жаста, 35 жаста. Олар шынайы білім алуға деген ниетпен келеді. Және сабақ беру формасы да көп жерде әр студентке жеке жоспар бойынша. Білуімше мемлекет те әр студентке білім деңгейіне қарамастан 300 мың таратып жатпаған көрінеді. Бізге біраз өзгеріс керек сияқты.

Асхат Қасенғалидің фейсбуктегі парақшасынан

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Әлем елдеріндегі күз

Жарияланды - 13.09.2016 0
Снейк өзені, АҚШ © blogspot Киото, Жапония © imgur Прага, Чехия © (с) Ghetu Daniel Аспен, АҚШ © imgur Велика,…

Шакира: Сіз білмейтін деректер

Жарияланды - 21.07.2016 0
Шакира 1977 жылдың 2 ақпанында Баранкиль қаласында дүниеге келген. Әкесі Уильиям Мебарак, тегі ливандық араб, ал анасы Нидия Дель Кармен.…

Назарбаева Қазақстан әйелдерін әлем жаңалықтарын сабырмен қабылдауға шақырды

Жарияланды - 25.11.2015 0
Қазақстан әйелдері әлем жаңалықтарын сабырмен қабылдауға шақырылды. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Еуразия әйелдер саммитінде әлемдік дағдарыс, лаңкестік және босқындар…