ХАН КЕНЕ жайлы қазақтың «СОҢҒЫ САМУРАЙЫН» қашан түсіреміз?

Жарияланды at 11:05
387 0

«Соңғы самурай» фильмін көріп отырмын. Сұмдық туынды. Қанша көрсем де, кеудені еріксіз эмоция кернейді. Кацумотоның(тарихта Сайго Такамори) фильмдегі ойыны керемет. Осы фильмді көрсем, неге екенін білмеймін Хан Кенем есіме түсе беред, түсе беред. Бәлкім Жапонияда Сайго, ал Қазақстанда Кенесарының ұлт жолындағы ұлы шайқасы мен тағдыры да, өмір сүрген дәуірі де, арпалысқан құндылықтары да ұқсас болғаннан шығар. Жапондар Сайгоны ұлттық батыр ретінде қадірлеп, өз тұғырына қондырып, тіпті фильм де түсіріп тастады. Ал біз жан-жаққа жалтақтап әлі жүрміз. Фильмнің ең соңғы сәтін еске алыңызшы, соңғы шайқасты. Қандай ерлік, намыс пен ардың шайқасы. Ал жеңген тараптың қарсылас батырдың өліміне бас июі өрлікті бағалау емей немене?! Бұл ғасырлық кино. Жапондар намысын ешқашан ұмытқан емес, ұлттық рухын жоғалтқан емес. Ал егер күндердің күнінде жоғалта қалса, оны есіне түсірер «Соңғы самурайы» бар.
Менің Хан Кенемде Сайгодан артық болмаса, кем түспеген. Сарбаздары да самурайлардан артық шайқасқанына күмәнім жоқ. Тек соны насихаттайтын, жас ұрпаққа сіңіретін фильм болмай тұр ғой. Рухым түсіп, намысым әлсірегенде, көзіме жас алып, рухтана көретін Хан Кенем жайлы қазақтың өз «Соңғы самурайы» қашан түсіріледі?! Асыға, сарыла, үміттене күтудемін.

Асхат Қасенғалидің Фейсбуктегі парақшасынан

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Рой Джонс Головкинді қорғаштады

Жарияланды - 25.07.2016 0
Төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF версиялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық…

Ғабиден ЖӘКЕЙ, қоғам қайраткері:

Жарияланды - 23.12.2015 0
Ғабиден ЖӘКЕЙ, қоғам қайраткері:Парижде конференция өткізу – біз үшін үлкен мәртебе Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде…