Фото ©Турар Казангапов

23.40-тағы мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді: Нұр-Сұлтанда 10, Алматыда 19, Шымкентте 2, Атырау облысында 1, Түркістан облысында 4, Қызылорда облысында 3, Батыс Қазақстан облысында 1 адам.

Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 402 болды. Аурудан 277 адам айықты, 17 адам қайтыс болды.

18.20-дағы мәлімет:

Нұр-Сұлтанда бір, Батыс Қазақстан облысында бір және Қарағанды облысында екі адам коронавирустан айықты. Елде аурудан айыққандардың жалпы саны 277-ге жетті.

17.15-тегі мәлімет:

Тағы 21 адам науқас болып шықты: Нұр-Сұлтанда 11, Алматыда 5, Қостанай облысында 2, Жамбыл облысында 3 адам.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 362 адам анықталды.

16.35-тегі мәлімет:

Коронавирус жұқтырған науқастардың 10-ы аурудан айықты. Жетеуі Алматыдан, үшеуі Атырау облысынан. Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан құтылғандардың қатары 273-ке жетті.

15.20-дағы мәлімет:

Алматыда 60 жастағы адам коронавирустан қайтыс болды. Қазақстанда инфекциядан қайтыс болғандар саны 17-ге жетті.

14.00-дегі мәлімет:

Нұр-Сұлтанда 17, Солтүстік Қазақстан облысында 4, Қызылорда облысында 2 адам сауығып шықты. Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 263-ке жетті.

12.25-тегі мәлімет:

Коронавирус жұқтырған саны 10 адамға көбейді. Нұр-Сұлтанда 3, Солтүстік Қазақстан облысында 1, Ақмола облысында 1, Жамбыл облысында 1, Алматы облысында 4 жаңа жағдай тіркелді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын барлығы 1 341 адам жұқтырып отыр.

10.00-дағы мәлімет:

Коронавирус инфекциясы тағы 36 адамнан табылды: Нұр-Сұлтанда 5, Алматыда 13, Шымкентте 3, Қызылорда облысында 4, Павлодар облысында 2, Маңғыстау облысында 1, Батыс Қазақстан облысында 5, Ақтөбе облысында 1, Қарағанды облысында 2 адам.

Қазақстанда 13 наурыздан бері коронавирусты барлығы 1 331 адам жұқтырғаны белгілі болды: Алматы – 393, Нұр-Сұлтан – 302, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 80, Атырау облысы – 70, Түркістан облысы – 49, Жамбыл облысы – 49, Шымкент – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Алматы облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 8,  Қостанай облысы – 5.

00.00-дегі мәлімет:

Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 1 295 адамнан анықталды: Алматы – 380, Нұр-Сұлтан – 297, Қызылорда облысы – 127, Қарағанды облысы – 82, Ақмола облысы – 80, Атырау облысы – 70, Түркістан облысы – 49, Жамбыл облысы – 49, Шымкент – 40, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Алматы облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 20, Ақтөбе облысы – 13, Маңғыстау облысы – 11, Павлодар облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 8,  Қостанай облысы – 5.

Инфекциядан 240 адам жазылды: Нұр-Сұлтан – 136, Алматы – 60, Атырау облысы – 12, Ақмола облысы – 8, Алматы облысы – 7, Қызылорда облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Шымкент – 2, Ақтөбе облысы – 2, Қарағанды облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Коронавирус 16 адамның өмірін жалмады: Ақмола облысы – 4, Шымкент – 3, Нұр-Сұлтан – 2, Алматы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған