Эссамның әлқиссасын, сөзімнің бісмілласын қалай бастап жазсам екен деп ұзақ ойландым, салауатты өмір салты жайлы көп толғандым. Бұл тақырыпты ерекше бір идеямен жеткізу жолын таппадым. Бірақ, бар ойымды көркемдеп жазуға баптадым.

Бұл заманның басты капиталының бірі уақыт. Сол уақытты өз еншісіне пайдалана білген адам, бұл ғасырда жетістікке жететін жан. Бірақ, сол уақытты қалай дұрыс пайдаланамыз? Қайтып өз еншімізге шешеміз? Міне, көкірек көзі ояу, саналы адамның ояланатын ісі осы. Ал уақытты дұрыс пайдалану дегеніміз бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігін аңғарып білуге болады.

Салауатты өмір салтын ұстану үшін темекі ұсынса темірдей қатты болып, тартып көрмейтіндей жігерлі болу. ішімдік берсе іздағатсыздық танытып, ішіп кетпейтіндей қайсар болу. Есірткі көріп есірмей, саналы ойланып, өзіңді тию. Насыбай атып қақырмай, қоршаған ортаны жүре білу ластамай. Деніңнің саулығын, мүшеңнің бүтіндігін, дұрыстап біле жүру бағалай.

Адам әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді. Бұл дегеніміз күнменен жарысып тұру, таңғы жаттығу жасау. Таза ауаны жұтып, күн көзінен энергия алу. Жалқаулықты серік етіп жатпау, бірнеше шақырым жүгіруді бастау. Нақтысын айтсақ, бойыңда жиналған арам теріңді тастау.

Салауатты өмір салтын ұстанудың басты қағидаларының бірі  уақытымен және дұрыс тамақтану. Бұл дегеніміз ашпын деп тамақты бірден опырмау, арық болсаң семіремін деп майды көп тұтымбау, тәттіге әуестеніп, диетаға аш құрсақ болып отырмау. «Малыңды сат, тоныңды сат, жатар кезде тойып жат» деген мақалды мүлдем қолданбау.

Жалпы, салаутты өмір салтының ең тиімді құралдары таза ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Сол үшін аптасына бір күн тауға шығып, саф таза ауамен тыныстау, спортзалдағы үш күндік жаттығумен пара~пар келеді. Ал тау басындағы биік шыңнан айналаңа көз тастаудың өзі бір жағынан бойыңа қуат беріп, жаныңды жадыратса, екінші жағынан көзіңнің жүйке тамырларының жұмысын реттейді.

Тауғы шығып, таңмен жүгіріп, жаттыға жүріп ескеретін басты жәйттің бірі ол су. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады. Біздің басымыздағы мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Ал енді жүзуге келетін болсақ, жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Демек, жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас құрал деп айта аламыз. Және жүзумен айналасықан адамның дене сұлулығы жайлы қатты уайымдамауына болады. Жүзу дегеніміз денені шымырлатып, омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алып қана қоймай, жүрек ауруларына да қарсы төтеп беріп, тыныс алу жолдарын жақсартады.

Салауатты өмір салты үшін ұстанатын тағы бір қағидалардың бірі жеке гигиена сақтау мен стресстік жағдайдан сақтану. Гигиена аурудың алдын алуға және денсаулықты сақтауды қамтамасыздандыру. Оның ішінде жеке бас гигиенасы дегеніміз күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл – тән күтіміміз, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау. Ал ең бастысы стресстік жағдайдан өзіңді барынша сақтай білу керек. Стресс адамның психологиялық та, физикалық та денсаулығына теріс әсерін тигізіп, иммунитеттің төмендеуі сияқты ауруларды дамытып жатады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, салауатты өмір салтын ұстану дегеніміз анаңның ақ сүтімен, асқар таудай болған әкеңнің үмітін ақтап, отбасыңның татулығын, бала шағаңның саулығын сақтап, мемлекетіңнің дамуы үшін сүбелі үлес қосуың болып табылады.

Кешегі Алаш алыбы Әлихан Бөкейхан: Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс аламыз ба? Дегендей. Бізде Салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау, саналы ұрпақ әкеліп бұл дүниеге, ертеңгі ұрпағымыз алдындағы басты міндетімізді дұрыс атқарамыз ба? Әлде өзімізге қалай болса солай қарап, не денемізден, не елімізден тыныштық таппай, келешек ұрпақтың жағдайын ойламай, бұл өмірді тек өзіміздің қызығымызбен масылдығымызға тәрк қылып кетеміз бе?…

ОЙЛАНАЙЫҚ! Салауатты өмір салтын ұстанайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған