Microsoft пен Google компаниясы барлық жанжалды реттеуге келісті

Жарияланды at 03.10.2015
1419 0

19

Америкалық Microsoft және Google корпорациялары әлемдік құқықты бұзу туралы сотқа кеткен дау-дамайды өз араларында реттеуге келісті. Бұл туралы Reuters-қа сілтеме жасап, kapital.kz хабарлайды

Сөз АҚШ пен Германиядағы 18 рет өткен сот талқысы туралы болып отыр. Келісім Windows өнімдері мен Microsoft-тың Xbox ойын консолдарын, патентті және мобильді байланыс пен Wi-Fi сияқты түрлі технология өнімдерін пайдалануда сот дауын шешу үшін жасалды.

Келісім бойынша, Motorola Mobility-дің қатысуымен сот талқысы аяқталады. Өткен жылы Google Motorola Mobility-ді өз патентін сақтай отырып, Lenovo компаниясына сатқан болатын.

Microsoft баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Microsoft мен Google бәсекеге қабілетті іздестіру жүйелері мен мобильдік құрылғыларды шығара береді. Дегенмен, жасалған келісім алдағы уақытта құқықтың бұзылғаны туралы арыздар болмайды деген ойды білдірмейді.

«Google мен Microsoft  әлемдік қорғанысқа байланысты бірнеше сұрақтарды шешуде ынтымақтас болуға келісім жасады. Алдағы уақытта клиенттер үшін қандай жұмыс істей алатынымызды күтудеміз », —  деп хабарланды компаниялардың мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, компаниялар Еуропалық одақ құқықтарын қорғау туралы бірыңғай жүйені қалай құруға болатыны туралы сұраққа қатысты және интернетте видео жіберудің тегін технологиясына байланысты ынтымақтас болуға келісті.

Бәсекелестердің арасындағы дау-дамай 2010 жылы  Microsoft компаниясы Motorola-ны келісім-шартты бұзды деп кінәлағаны үшін басталған еді. Оған дейін Motorola өз патентінде Xbox жүйесінде қолданылатын видеоны жіберу және сымсыз байланыс кеңістігін пайдалану үшін лицензия жасауға міндеттелген.

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Жан Ахмадиев тағы да шулатты

Жарияланды - 04.07.2016 0
 Белгілі рэп орындаушы, өзін қазақ рэпінің негізін салушылардың бірімін деп санайтын Жан Ахмадиевтың шығармашылығынан тағы да шу шықты. Осыған дейін…

«100 жаңа есім» жобасы басталды

Жарияланды - 07.08.2017 0
«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, «100 жаңа есім» жұмыс тобының тең…

Венесуэла: страна на грани войны

Жарияланды - 03.06.2016 0
  Массовые акции протеста прошли в разных частях столицы Венесуэлы Каракаса из-за дефицита еды, товаров и услуг. Беспорядки вспыхнули после…