Республика алаңындағы СҮЙІС жарысының көксегені не?!

15
2985

   14 ақпан өтіп кетсе де, жаңғырығы әлі күнге дейін естіліп тұр. «Валентин күні» деп аталатын қазаққа жат мейрамсымақтың қазақ халқының салт-дәстүрі мен діліне, дініне қарама-қайшы келетіндігі айтпаса да түсінікті жайт. Соған қарамастан бұл мейрамға ресми түрде тыйым салудың орнына оны қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің қолдап жатқаны қалай?

    Білдей бір Республика алаңында қолдан ұстауға ұялып, сезімін ашық білдіруге қымсынатын кешегі өткен ұлы бабаларымыздың ұрпағы, ұятта болса айтайық, еріндері жабысқанша сүйіскендігі неткен масқаралық?! Мұндай конкурсты ұйымдастырғандар да, қатысқандар да, қазақ ұлының ұлылығын, қазақ қызының ұяңдығын жоққа шығарып, халқымызға тән емес мейрамды насихаттағаны барып тұрған бассыздық! Тіпті бұл мейрамға 3 миллион қаражатын жұмсап, ел алдында бейәдеп қылық көрсетіп, тоқтамай сүйіскендерге құны 243 долларлық сыйлық беруінің астарында махаббатты қолдау емес, қорлау жатқанын анықтап қарасаңыз түсінерсіз. Ойын-сауық орталықтарында тегін сыйлықтар таратылып, бұл күннің жоғары деңгейде насихатталып жатқаныны келешек ұрпақ үшін аса қауіпті процесс. Сонымен қатар, жетімі жылап, жесірі қиналған сәтте табылмай қалатын қаражат құрғырдың, «Валентин күні» дегенде табыла қалғаны көңіліме күдік ұялатады. Ақиқат біреу: Валентиннің бетпердесінде қаймағы бұзылмаған қазақы тәрбиені жойып, ұлы қазақ деген халықты азғындау жатыр! Бүгінгі қоқысқа тасталған сәби мен айырылысқан мыңдаған отбасылар осындай мейрамсымақтардың алғашқы жемісі.

     Қазақ үшін «махаббат» деген өте ұлы сезім болған, солай болып қала беруі тиіс те! Көпшіліктің алдында сүйіспек түгелі, қос ғашықтың жанары кездейсоқ түйісіп қалғанның өзінен бет қызаратын халықтың ұрпағымыз. Қос ғашыққа ғана тән, қос жүректің сырын күллі әлемге паш ету – ұлы сезімнің ұлылығын азайтары анық. Бүгін ел алдында сүйіскеннен қымсынбайтын ұрпақ, ертең одан да сорақы қылыққа бармасына кім кепіл?! Сөзім дәйексіз десеңіз, біржыныстылар көп елдердің тарихына назар аударып көріңіз. Сондықтан мұндай конкурстарды ұйымдастыруға ендігі таңда ешқашан жол бермеуіміз керек. Бүгін бұл конкурсты, бұл мейрамсымақты қолдаған жанның, ертең ұрпағының азғындалғынын көретіні ақиқат!

Асхат Қасенғали

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

15 Пікір

  1. Валентин күні — ол христиандардың мейрамы. Бұл мерекеге мұсылмандарға жат. Шынымен ойынды ұйымдастырған өзіміздің қазақтарымыз ба? Егер солай болса онда ол өте ұятты нәрсе.

  2. иа қазақтар, билік қазақ қоғамын жақсартудың орнына, айға бата беріп отыр ма, не қарап отыр?

  3. Расын айтқанда бұл мерекені мектепте оқып жүргенде тойладық. Бірақ ол кезде бізге қызық болатын. Сіз жазғандай өбісіп-өліспесек те, открытка алғанға мәз едік. И то ұлдар ғана емес, подружкаларымыз да открытка беретін. Соңында кім көп алды деп санап жарысатынбыз. Бірақ қазір бұл мерекенің астарын түсінген соң ба, әлде тым есейіп кеттік пе, 14 ақпанды мереке деп қарамаймын.

  4. Онда турган не бар ваще?! Жай настроени көтеру ғой, отырып алып сразу жерден алып жерге салуга мастер екенсіңдер!!!

  5. Бұлардың бәрі айтып айтып қоя беред,, өздері де сылтауратып қыздарына подарка жасауға асығады….болмай баратса қыздары заставить етед подарка жасатуына дұрыс па?)

  6. Әрине, қазақ үшін «махаббат» деген ұлы сезім. 15 сәуір күні өзіміздің «Қозы көрпеш Баян сұлу» мерекемізді тойлауымыз керек. Уақыт өте, 14 ақпан күні біз үшін жай күн болып қалатынына сенімдімін.

    • 15 сәуір бірінші рет естуім) )қызымды осы күні құттықтасам түсінбей қалатын шығар

  7. әр адам әр қалай түсіне бірақ бұған бола осынша мақала жазып және осыған бола жанжалдасудың қажеті жоқ біреулер тойласын біреулер тойламайақ қойсын болды емеспе

  8. Илияс, түсінбедім сени?! Бүгін бұған тыйым салмай маған бәрібір десең, ертең өз туған қызыңның сол жерде жабысып тұрғанын көретін боласың, так что оттама

    • Сағидің пікіріне қосылам, қажеті жоқ шараларға уақытылы тыйым салынуы тиіс

  9. Шынында да біз өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеп, жастарға дұрыс тәрбие беруіміз керек. Бұқаралық ақпарат құралдары 15-сәуір Қозы көрпеш-Баян сұлу күнін кеңінен насихаттау керек деп ойлаймын

Пікір қосу

*