Неге соғыстарды жеке әскери компаниялар жүргізеді?

5
936

  1965 жылы әлемде ең алғашқы жеке әскери компания Ұлыбританияда пайда болған сәтте ешкім оны әлемде ықпалды күшке айналады деп ойламады. Бүгінде жеке әскери компанияның саны 357-ні құрайды. War on Want британдық ассоциацияның деректеріне сүйенсек, әлемдік жанжалдарда әскери компаниялардың қатысу үлесі артқан. Неге әскери компаниялар күн сайын көбеюде? Олардың артуына не себеп?
   Біріншіден, адам санының аз өлуі. Мысалы, Бірінші дүние жүзілік соғыс барысында Франция тарапынан күн сайын 900 адам қаза тауып отырған. Ал Ауғаныстандағы соғыста соңғы 10 жылда француздар тарапынан 90 ғана азамат оққа ұшты.
   Екіншіден, Халық жағынан қарсылықтың болмауы. Таяу Шығыстағы соғыста 60-тан астам мемлекеттер қатысып отырғанына қарамастан, жеке әскери компаниялар өзара соғысуда деп айтуға болады.
  Үшіншіден, Мемлекеттің қару және әскер санының азаюы. Мысалы, Франция мемлекетінің әскері 2009 жылы 315 мың болса, қазіргі уақытта 230 мыңды құрайды. Сонымен қатар, 1980 жылы ІЖӨ әскерге 3% бөлінсе, бүгінде 1,7%. Қаржының аз жұмсалуы үкіметтің өзге білім, денсаулық салаларын дамытуға зор мүмкіндігін тудырады.
Жеке әскери компаниялар жайлы сөз қозғағанда Макиавеллидің «Патша» еңбегін де ұмытпаған жөн. Ол еңбекте мемлекеттің әскерде жалдамалы түрін ұстауы туралы айтылады. Жалдамалы әскерлер өзге елді бейбіт уақытта қорғағанымен, жанжал болған ойынан айнып кетеді. Мысалы, орта ғасырлар кезеңінде Италияның Франциядан жеңілуі де жалдамалы әскердің кесірі. Отандық тарихқа көзсалсақ, Отырар қақпасын ашып берген Қайыр ханға көмектесуге келген әскер болатын.
Қалай ойлайсыздар? Макиавеллидің сөзі бүгінде шындыққа жанасады ма? Елімізде жеке әскери компанияның болғаны дұрыс па?

                                                                                               Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

5 Пікір

  1. Жеке аскери компания деген кимдер ол? Олар мемлекеттин атынан согыса ма алде аты айтып откандай жеке болек аскер курама? Олай жеке курса онда ол террорлык уйымдардан кай жери артык? Жеке аскери компания террористтер болса биздин елге кандай кажети бар..

  2. Dymda awyp jazbagan. Tek kawan kurylganyn aitkan i vse. Jaldamalylardy kim jaldaidy ne maksatka jaldaidy aitylmagan.. bilmetinder kop siyakty jeke askeri kompaniyalardy

  3. Axaxaxax kizik kizik sravnenie keltiredi ekensin bazar zhok))) 1-ya mirovaya voina i voina v afganistane v kotorom francuzskie voiska uchastvovali ochen malo po sravnenii sssr i usa))smex i grex

Пікір қосу

*