Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасамын — Альварес

Жарияланды at 10:49
716 0

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жегінің міндетті түрде болатынын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бұл жекпе-жектің биыл өтуі әбден мүмкін. Барлығы келіссөздерге байланысты. Дегенмен мен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайынмын», — деді Альварес.

Сонымен қатар, мексикалық боксшы Головкинмен 7 мамырда Әмір Ханға қарсы өтетін жекпе-жегінің нәтижесіне қарамастан жұдырықтасатынын мәлімдеді. «Кездесу міндетті түрде болады, мен осыны қалаймын. Дегенмен қазір бұл туралы ойлай алмаймын. Себебі алда Әмір Ханмен өтетін жекпе-жегіме дайындалуым керек», — деді Альварес.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді. WBC талабына сәйкес, осыдан кейін ол Альварес — Хан кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға міндетті.

(дереккөз: тенгринюсь.кз)

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ТӘРБИЕ-ТҰҒЫРЫМ, ТАҒЫЛЫМ-ҒҰМЫРЫМ

Жарияланды - 24.12.2015 0
«Болашақ» Республикалық қозғалысы жанындағы «Жастар Үні» дискуссиялық клубы «Тәрбие-тұғырым, тағылым-ғұмырым» атты дөңгелек үстел өткізді.    Дөңгелек үстелде бүгінгі жастардың тәлім-тәрбиесі…