Еркін Рақышевтың «Айкеріміне» қытайлықтар құда түспек

0
782

Наурыз айының 3 күні көренмендерге жол тартқан режиссер Еркін Рақышевтың «Айкерім» фильмі, небәрі екі аптаның ішінде көрермендер ықыласына бөленіп, кассалық бюжеті 7 млн теңге түсірген.

«Айкерім» фильмі: тасжүректерді жібітіп, мүмкіндігі шектеулі жанжарға үміт сыйлайтын кино.

Фильмнің қысқаша мазмұны жайлы ата кетсек: Фильмнің түсірілімі Алматы қаласы мен қоса Қытайда өткен.

Басты рөлдерді: Айша Мамутова, Эрик Джумагулов, Гүлшат Тутова, Ақгүл Жарылқасын сомдаған.

Кішкентайынан оқыс жағдайға душар болып, көз жанарынан айырылған қыз, басынан әртүрлі қиын жағдайлар өткізеді.  Басты рөлді сомдаған кейіпкердің көзіне елімізде шипа табылмай, үздіксіз ізденіс пен үміттің арқасында Қытайдан көз жанарын емдей алатын білікті дәрігер табылады. Ал Қытайдағы көз дәрігерін табуға оның жақын досы көмектеседі. Бірақ жақын досы Ерланның да аяқ буындарына апаттан зақым келіп, ол да арбаға таңылған болатын. Өзінің еміне жинап жүрген қаржысын дос қызының көзін емдетуге беріп, Қытайға бірге барады. Қытайдан көзіне нұр табылған басты кейіпкердің қуанышын көрген досы да аяғынан тұрып, жазылып кетеді.

Осылайша өрбіген фильмнің халыққа берер мән-мағынасы өте зор. Фильмнің тұсау кесері: Астана, Алматы, Шымкент және Қызылорда да болып өтті. Киноны көрген көрермендердің кино залынан жастарын сүртіп шықпағандары болмады.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*