Аршавиннен бас тарту — Қазақстан футболына үлкен соққы.

Жарияланды at 21:28
800 4

Аршавиннен бас тарту, Қазақстан футболына үлкен соққы.

 Бұл тек Аршавинге қатысты емес. Жалпы, шетелдік легионерлерді Қазақстаннан қуар болсақ, отандық футболдың болашағына үлкен соққы болғалы тұр. Әрине бұндай футболшыларды қамтамасыз ету үлкен қаражат кетіретіні сөзсіз. Дегенмен шығын болмай кіріс болмас деген қағидаға сүйенер болсақ, енді ғана аяққа тұрып келе жатқан футболдын болашағына балта шабудың соңы трагедиямен аяқталмақ.

Парламент Мәжілісінің депутаты М.Тінекеев шетелдік легионерлердің жалақысының тым көптігіне наразылығын білдірген болатын. Яғни, Аршавиннің жылдық жалақысы 1 млн доллардан асатындығы, және басқа да шетелдік легионерлердің айына 30 мың доллардан қалталарына басатындығын сөгіп айтты. Сондықтан депутаттың ойынша бұндай футболдың қажеті бар ма, одан да ол қаражаттың жасөспірімдер спортына аударылмайды ма деген сұрақтар қойған болатын. Ендеше осы сұрақтарға өз жауабымызды беріп көрелік

Футболды дамытудың бірден-бір жолы – Жанкүйерлер.

Аршавин, Тимощук, Джерар Гоу, Аруна, Деспотович секілді танымал футболдағы тұлғалардың есімі Қазақстан азаматтарынан жанкүйерлік сезімді енді оятар сәтте бұл футболшыларды елімізден қуар болсақ отандық футболдың дамуына кедергі жасайтынымыз анық. Неге десеңіз, «футболды – футбол  қылған жанкүйер» екеніне ешкім қарсылық білдіре алмайды. Себебі жанкүйер – ол футболдың негізгі капиталы. Әлемнің озық лигаларының негізгі табысы теле арналардан, футбол атрибуттарының сатылымынан және демеуші корпорациялардан келетіні хақ. Олай болса телеарналарды жанкүйерлер көрмейтін болса, футбол жейделерін жанкүйерлер сатып алмайтын болса демеушілер және қаражат қайдан келмек? Әрине, тек қана жанкүйерлерден. Осыған орай отандық футбол- футболдың тура жолы – жанкүйерлерді тарту саласындағы бағыты оң тұста келе жатқанда Қазақстан футболының жарқын болашағына кедергі жасамақ азаматтардың ойымен, мен, келісе алмаймын.

Футбол – тұнып тұрған саясат

Футбол саясатпен тікелей байланысы бар дегенге – біріңіз сенер, біріңіз сенбессіз. Бұл тақырып бұрыннан келе жатқан пікірталастардың орталығы. Дегенмен футболды саясатқа тықпақшылардың ойы дұрыс дегенге келісемін. Мәселен көптеген саяси,әлеуметтік эксперттер Махачкаладағы «Анжи ФК», Грозныйдағы «Терек» клубтарындағы өзгерістер халық арасындағы шиеленісті ( напряжение) түсірудің «әлеуметтік жобасы» (социальный проект) деген болатын. Яғни, «Анжи» клубына қомақты қаражатқа шақырылған әлемдік жұлдыздар Самюель Это`О, Роберто Карлос, Юрий Жирков, Мубарак Буссуфа секілді футболшылар жергілікті тұрғындардың футболға деген құштарлығын арттырып, тіпті  көкейлерінде толып тұрған әлеуметтік проблемаларды бір сәтке ұмытқыздырды. Дәл солай «Терек» футбол клубына шақырылған аса жұлдыз болмаса да жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісіне айнала білген бразилиялық майталман Адилсон, Аякс сапында өнер көрсеткен Исмайл Айссати және Аблай Мбенг секілді футболшылар Ресей біріншілігінде «Терек» ФК-ын өрге сүйреп, жанкүйерлердің марапатына иіліп жатқан жайы бар.  Сондықтан міне-міне деп ақырындап дамып жатқан Алматылық «Қайрат», «Бавария» сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған А.Тимощук, атақты ағылшындық «Арсенал» сапында өнер көрсетіп, Еуропаға танылған Аршавин секілді футболшылар келіп, «Қайрат» ФК-ның жанкүйерлері артып жатқанда бұл футболшыларды қуып жатсақ, футболдың дамуына кедергі қоймаймыз ба?. Себебі Аршавиннің жанкүйерлері шетелде де, елімізде де өте көп. Және оны көргісі келер азаматтар теледидардан, стадионнан, не болмаса «Қайрат» жейдесіндегі «Аршавин» есімді жейдені сатып алып жатса, футболдың дамып келе жатқанның белгісі емей немене?

Футбол – бұл үлкен бизнес және инвестиция

Бұл ретте Қытай елінің футбол нарығындағы белсенділігін айтып жеткізу мүмкін емес. Мысалы соңғы трансферлік терезеде Қытайдағы футбол клубтары160 млн эвро жаратқан болатын. Бразилияның чемпионы «Коринтианстың» құрамасының жартысын сатып алған қытайлықтар, бүгінде «аспан асты елінде» 23 бразилиялық жұлдыз (Ресейде 20 бразилиялық ойыншы) өнер көрсетуде. Тіпті, бірер жылы «Шанхай Шеньхуа ФК» клубы әлемге танымал  Дидье Дрогбаны сатып алған болса, бүгінде сол «Челсидің» ойыншысы болған Демба БА-ны сатып алып қомақты қаражатымен бөліскен болатын. Сонымен қатар, 2016 жылдың трансферлік уақытында Қытай клубтары  Лондондық «Тотенхэмнің» Паулиньо, «Челсиден» Рамирес, «Ромадан» Жервиньо, бразилиялық «Коринтианстан» Ренато Аугусто, Жил секілді футбол сүйер қауымға жақсы таныс ойыншыларды сатып алып отыр. Керек десеңіз Қытай Халық Республикасының төрағасы СИ Цзиньпиннің өзі футболдың өте қатты жанкүйері ретінде осы саладағы бағытты қолдай келе, Қытайда әлем чемпионатын өткізуге бар талпынысын білдіріп жатқанын мәлімдеген болатын.

Солай дей келе, пайдасынан гөрі үш есе шығындалып жатқан Қытай футбол клубтары еш мойымай бүгін бір қадам артқа жылжысақ, ертең 10 қадам алға жылжимыз деген беттерінен қайтпай отыр. Ал бүгінде Қазақстандағы бір Аршавинге төлеген 1 млн долларды (Аршавин «Арсенал» сапында 20 есе көп жалақы алған болатын) көп көріп, Қазақстан футбол біріншілігін дамытудың орнына, артқа сүйреп отқанын осы дәлелдермен келтіре аламын.   

Дастан ШЕРЕХАН

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Өмірге қажет кеңестер

Жарияланды - 15.03.2016 0
* Өз өміріңізді өзгенің өмірімен салыстырмаңыз. Ол адамның қандай өмір жолын жүріп өткенін сіз қайдан білесіз?! * жағымсыз ойларды және…

Появились новый кандитат

Жарияланды - 13.12.2015 0
Известный в прошлом болгарский футболист Христо Стойчковможет возглавить сборную Казахстана. Об этом сообщаетNovsport.bg со ссылкой на газету «Тема спорт». По…

ДАИШ-тың №1 баскесері өлтірілді

Жарияланды - 31.01.2017 0
Бұл туралы The Daily Mail басылымы Ирактағы БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.«Белгісіз қарулы топ 29 қаңтар күні ДАИШ-тың ең танымал…
Абылай ХАН
2016-04-20 16:03:43
Иә Аршавиндердің қазақ футболына қосар түгі жоқ, пайдасы болса Қайрат сол келгелі әлі ұтылуда, голда соқпады әлі походу
Қарақазақ-001
2016-04-20 10:55:45
2012 жылғы Еурода Аршавин орыс жанкүйерлерді де құрметтемеген болатын, бізді құрметтейді дейсін ба?
Нурик-1993
2016-04-20 11:29:45
Мәселеде онда емес қарақазақ, мәселе отандық футболдың дамуы...барда твиттер инстадан аршавинді тауып фанаттарын қарап көрші қаншама, солар арқылы біздің Қайрат танылып жатыр ертең европаға шығып жатса жанкүйерлердің атынан ақ қыруар қаржы иемденуге болады. 1 млн доллар деген футболда ақша емес
Берік
2016-04-20 12:15:25
Жоқ Депутат мырза дұрыс айтады, 1 млн доллар Аршавинге ақша болмаса, балалар спортына аударылған болса қомақты қаражат. Ол ақша 1 млн долларға 1 млн доп сатып алып берсе, Қазақстандағы әрбір балада доп болушы еді. Ал бұл онбаған ол ақшаны құр ішімдік пен қыдыруына жұмсайды