Талғат Жанысбай жерді сатуға заң шығармақ болған Үкіметті отставкаға кетуін сұрады

Жарияланды at 20.04.2016
5109 17

 

Ұлтшыл, Талғат Жанысбай өзінің «фейсбук» әлеуметтік желісіне шетелдіктерге жерді сатуға заң шығармақ болған Үкіметті отставкаға кетуін талап етіп, видео жариялады.

Естеріңізде болса, осы кезге дейін Талғат Жанысбай өзінің фейсбугінде «Шоу айтысты» сынап, «шоу айтыс – сор айтысқа айналды»-деген болатын! Және ол шоу айтысқа қатысқан «Базар жоқ» театрының актері, Қанат Әлжаппаровты сөзбен сабаған еді.

Ал,Талғат осы жолғы видеосында:  «Мөде қағанның тұсында Қытайдың әміршісі Мөде қағаннан арғымағын қалапты. Мөде қаған: «көршілер тату тұрғаны абзал, олардан арғымақты несін аяймыз»,– деп тұлпарын бергізген екен. Тағы бірде астамшыл әмірші Мөде қағанның аса сұлу, асқан ақылды, көркіне қараған жанның көзі тоймайтын әйелін сұратыпты. Қаған уәзірлерін жинап, ақылдасыпты. Олар бермеуін тілейді. Қолбасшылары, сардарлары «басындырмайық, басқа шығып бітті, бір емес, екі емес, соғыс жариялайық, күлін көкке ұшырайық» дейді. Сонда Мөде қаған «тәйірі, бір шүйке бас үшін дүйім жұрттың тыныштығын бұзуға бола ма, беріңдер» депті. Қағанның сұлуын құшқанына масайраған қытай әміршісі дандайсып кетсе керек. Ғұндар «қорыққанынан сұрағанымды бере береді» деп ойлапты. Әмірші Мөдеден «енді ен даланың иен жатқан бір пұшпағын кесіп беруін» сұрапты, сонда Мөде қаған «бұл менің ата-бабамының қанымен қорғалған жер, оны саған бермек түгіл, бір тал шөбін сындыртып, бір тасын да таптатпаймын» деп соғыс ашып жеңіске жеткен екен екен!»- деп, тарихта болған осы аңызды айтады.

Талғат Жанысбай «Өз сөзінде» – «біздің бабаларымыз әлемде территориясы бойынша 9 орын алатын осындай кең байтақ жерді бізге мұра етіп қалдырды. Сондықтан бабаларымыз аманат етіп қалдырған жердің әрбір қарысы қадірлі»-деді!

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Омаров
2016-04-22 23:00:28
Ұлтшылы нес?
Саматай
2016-05-25 14:07:35
Байконыр жалга берилген содан кейын не деп Лям айтамыз?!
Ақан
2016-04-20 13:21:22
Дұрыс, жерді саудаға салып, қолдан беруге болмайды. Оны ұсынған жəне қолындағы барды ұқсата алмаған үкіметтің отставкаға кететін жөні бар, соны талап ету керек. үшін
Alima
2016-04-20 14:16:48
Уже казактарда жео каламаганда шыгар! Алемдеги ен кедей елдин катарына кирди! Шет елге каншама карызы бар ! Билмейм калай омир суретинимизди! Барлыгын сатып болды енди сататын зат таппай жерди сатайын деп жатыр!
Қарақазақ-001
2016-04-20 15:23:37
Банкротқа ұшыраған отбасы секілдіміз. Себебі ол кезде үйдегі бұйымдардың алтын күмістерді де сатсақ, сол сияқты елімізде мұнай алтын урандарды сатып енді тек жерімізді сатып тындық. Одан кейін нені сатар екенбіз, халайық
Гүлайна
2016-04-20 15:29:40
Жерді баяғыда сатуға дайындап,алдын-ала пісіріп қойған.Бір жыл бойы халық не дер екен деп уақыт берді.Халықтың қозғала қоймасына көзі жеткен соң,енді заңды күшіне енгізді.
Қазақ
2016-04-20 23:00:14
9 orin - aldindagi 8 memleket zhamagan memlekettergoi- julip terip algan zherlerimen, Allah ga minda bir rahmet qazaqtin jeri tek qazaqtar tyradi, sondiqtan Allah tin komegimen bizdin jer 1 orinda tyr dep esepteu ge boladi!
Қазақ
2016-04-21 00:44:52
Жер сатқалы жатқан үкіметті расында отставкаға жіберу керек. Жерін сатқаны елін сатқаны. Жер үшін қытаймен де басқамен де соғысуға бармын. Маған елімнің, жерімнің азаттығы қымбат. Егер жерді сатсақ ұрпақ алдында күлкілі күй кешетініміз анық. Жерді сатқызбайық. Ұлтарақтай жер қымбат біз үшін. Үкімет жер сатып халықты асырамай-ақ қойсын, оданда жеріміз өз ұрпағымызға аманат.
Аман
2016-04-21 08:42:54
Жерді бергенше қытайға сол жер сатқыштарды берейік ,сонда пайда болады қазаққа.
Кайсар
2016-04-21 15:30:12
Жерди сауту туралы жакында хоргаска барганда КЫтайдын аузынан оз кулагыммен естип тангалгам! Карим Масимов келип осы жер сатуга зан карастыратын болды деп ище тускен фотоларын корсеткенде жер болдымгой!биз казак не боп барамыз. Жер сату деген маскарагой!Нуке буган карсы болады деп сенем сизге!!!
Kermek
2016-04-21 18:03:04
Жер келер ұрпаққа қалдырылған аманат.Оны сатуға ешкімнің құқы жоқ.
Алаш қызы
2016-04-21 20:45:19
Жер-Ана! Жерді сату ананы сатумен тең. Мемлекеттің əр гектар жерін 1кг колбасаға бағалаған адамдарды осы мемлекеттің жанашыр азаматы деудің өзі күнə. Өз мүдделерін ғана көздеген ат төбеліндей супер олигархтардың ар-ұятын АЛЛАның қолына тапсырдық. Біздің қазақтың бір қуаныш,бір бақытты көретін күні де жақын секілді. Əр істің бір қайыры бар. Соған жекізсін! Біздің көшеде де өзгерістер мен той болатынына сенімдімін. "АЛЛАның көзі түзу болсын " дер еді менің апам мұндайда. Қызық мынада: тілін қорғап ұйқыдан ояна бастаған қазақтың назарын жер қорғауға аударып жіберіп, енді Батыс пен ОҚ-да əскери жаттығу жұмыстарын бастап кеткен биліктің ойынының сценарийі сол баяғы қалпында тұр. Үнемі осылай: үйір тудырған жерде əскери жаттығу өтеді
Арман
2016-04-21 21:00:59
Жерді сату елдің тәуелсіздігін құртумен тең!
Марат Мақаш
2016-04-21 21:04:34
Қайта сайланған депутаттар жерді сатуды қолдаған болса, онда олар сайлау алды нәсиxатта елге өрірік айтқан болды ғой. Жауыздар
Айдос
2016-04-21 21:06:29
Мөдені жақсы айтыпсың бауырым өзіңдей азаматтар көп болсын. Ризамын брат
Айгуль
2016-04-21 21:09:32
Жеді сатпаймыз деп айтты ғой неге билікті сынай бересіндер басқа істейтін жумыстарын жокпа
Айдос
2016-04-21 21:14:21
Айгул жерді сатпаса неге xалыкпен кездесіп айтпайды