Жасанды футбол алаңдары — РАК ауруын тудыруы мүмкін бе?

1
628

Мектеп алаңдарында,  тұрғын үй ауласындағы және жалға алып ойнап жүрген жасанды футбол алаңдары ауру тудыру мүмкін дегенге бірден сену қиын болар. Әрине, футбол ол спорт, ал спорт денсаулық.  Дегенмен британдық футбол жаттықтырушылары және онкологиялық зерттеу орталықтары, жасанды футбол алаңдары –рак ауруын тудыруы әбден мүмкін деп отыр. Себебі бүгінгі футбол алаңдарында  машина дөңгелегінің ұнтақтарымен қапталатыны бәрімізге мәлім. Ал бұл өз кезегінде улы заттарды (токсичные вещества) бөледі.

Осы мәселені алғаш көтеріп британ үкіметінің назарын аудартуға тырысып жүрген, британдық жаттықтырушы Эми Гриффин және онкологиялық ауруға ұшыраған баланың отбасысы екен. Және де осы мәселенің анық қанығын білу үшін әлемдік RT телеарнасы арнай сюжетте түсіріпті.

Вашингтон университетінің футбол бапкері Эми Гриффин RT телеарнасына берген сұхбатында, осы алаңдарда доп теуіп жүрген екі құрдас балалардың бір жылдың ішінде лимфома ауруына ұшырағанын байқадық деген екен.

«Оларды, лимфома ауруына ұшырауына не түрткі болды деген сұрақ мазалады. Мүмкін алаңдардың қапталуы шығар. Мен бірден резеңке түйіршектерінің неден жасалатынын білгім келді. Және бір білгенім, бұл резеңкелер құрамында  канцерегон бар екенін анықтадым(Канцерегон -қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттектер). Сол кезде мен, біздің балаларымыздың қандай алаңда ойнап жүргенін түсіндім»,- дейді Эми Гриффин.

Эми Гриффин дәлел ретінде, Рак ауруына ұшыраған американдық спортшылардың тізімін жасаған. Онда 220 спортшылардың есімі бар. Бұл футболшылар үнемі осы жасанды футбол алаңдарында ойнаған.  Олардың 166-ы футболшы болса, 102-і қақпашылар.

Дегенмен бұндай статистика немесе онкологиялық аурулардың жасанды футбол алаңынан екендігіне күмән тудыратындар да бар екен. Мәселен Лондондағы Империялық колледждің оқытушысы  былай дейді:- Иә, резеңке түйіршектерінің құрамында шыңында да рак тудыратын химикаттар бар. Бірақ бұл элементтердің адам организміне қандай жолмен келетінің анықтау мүмкін емес. Бүгінде кейбір зерттеулерге сәйкес, автомобиль дөңгелектерінің құрамында канцерогендар бар екені белгілі, бірақ олар рак тудыра алмайды. Себебі, оның адамға тигізетін әсері анықталмаған. Менің ойымша, зерттеулер жүргізгенде ол химикаттардың адам ағзасына қалай берілетінін анықтауымыз қажет.

Осылайша Батыс елдерінде болып жатқан бұл мәселеге қатысты дисскусия толастар емес. Бір жағында ауруға ұшыраған спортшылар мен олардың ата-аналары, ал бір жағында футбол алаңдарынан салық пен пайда түсіріп отырған  Британ үкіметі мен Ағылшын футбол ассосациясы арасындағы шешімін таппаған мәселе – еліміздің футбол сүйер қауымына да ой саларлық дүние. Көкейіңізде жүріп, хабардар болып отырыңыздар. Себебі, Батыста осы мәселеге қатысты үлкен зерттеулер жүріп жатыр. Егер де футбол алаңдарының адам өміріне зияны жоқ екені дәлелденсе, біздің де қуанышымыз. Ал егер оның қауіпі дәлелденсе – онда қымбат әрі тапшы табиғи футбол алаңдарында ойнауға тура келмек деген сөз.

 

Анықтама: Автомобиль дөңгелектері(шина) улы химикат заттардан тұрады. Заң бойынша, олар утилизацияға беріледі. Сондықтан бұл дөңгелектерден әртүрлі пайдаға асыратын заттар шығарады. Соның бірі жасанды футбол алаңдары. Осы «резеңке түйіршіктерін» алаңдарда пайдалана отыра, футбол добының шынайы табиғи шөптегідей секіруіне себепкер болады.

 

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

1 пікір

  1. Арине, бул макалада котерилип отырган маселе кокейкести. Себеби биздин булдиршиндеримиз брс уакыттарында жасанды футбол аландарында доп куалайды. Енди Еуропалыктардын шыгарган натижелерин асыга тосамыз.

Пікір қосу

*