ЕРЕКШЕЛІГІМЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАН ОЛИМПИАДА СПОРТШЫЛАРЫ

0
401

  4 жылда сағындырып келетін әлемнің басты бәсекесінің басталуына да саусақпен санарлықтай ғана айдың жүзі ғана қалды. Әрине тамыз айы уақытында отандық спортшыларға барынша жанкүйерлік жасағанымен, есімізге орын алмағанымен ерекшелігімен танылған шетелдік спортшылар қалатыны анық.

  Эрик Муссамбани (Экваториальды Гвинея). Сидней олимпиадасы Экваториальды Гвинея үшін күтпеген сый болды. Оның үстіне жүзуден қатыспаған ел үшін бұл жайт мүлдем таңғаларлық жағдай еді. Оқиға үрдісі былай жалғасын тапты. Олимпиадаға іріктеу квалификациясында Алжир мен Тәжікстандық спортшылар аяқ астынан фальстарттың кесірінен жарыстан шығып қалады да, Эрик Муссамбани жалғыз өзі 100 метрлік жүзу қашықтығын бағындырады. Бағындыру деп айту жазғанға оңай. Ал шындығында көргендердің айтуынша ол 100 метрді ажалдан аман қалу мақсатында жүзгенмен бірдей деп айтады. Оған себеп те бар еді. Олимпиадаға қатысамын деп ойламаған спортшы жүзуді үйренгеніне көп болмаса да, көптің бірі ретінде қатыса салған еді. Ол жайлы кейін өзі «мен үшін 100 метрлік қашықтық өте үлкен, бірақ мен әрең дегенде жүзіп жеттім » деп мәлімдеген болатын. Айтпақшы оның жүзудегі уақыты 1 минут 52 секунд болды.Эрик Муссамбани (Экваториальная Гвинея)

  Джефри Болкиах (Бруней). Олимпиадаға патшаның тұқымдары қатысуы тарихтан белгілі. Бірақ кейбірі жүлде үшін бәсекеге түспей, еліне мазаққа айнала жаздаған уақиғалар да орын алған. Соның бірі Бруней еліне тиесілі. 1996 жылғы Атлант Олимпиадасына Бруней мемлекетінің қаржы министрі Джефри қатысуға мүмкіндік алады. Оның ағасы сол елдің сұлтаны болғандықтан, қатысуы сөзсіз еді. Бірақ бас қатыратыны қай спорттан қатысуында еді. Ол өзінің хоббиі стендтік мылтық атудан жарысқа шығатын болып шешім қабылдайды. Әлемнің 5 құрлығы көз салған басты бәсекеде ол соңғы сәтте қана қаңғыған оғының арқасында ұятқа қалмай, 49 орынды иеленді. Мүмкін, нысанаға тиюіне көмектескен оның қымбат тастардан жасалған қаруы шығар бәлкім… Дегенмен қаржы министрі үшін бұл алғашқы және соңғы олимпиада болып саналды. Өйткені екі жыл өткен соң, әлемнің бай шенеунігін қазынаға қол салды деп айыптап, елден жедел арада көшуіне тура келді.Джефри Болкиах (Бруней)

  Кэти Фримэн (Аустралия). Өз елінде өткен Олимпиадаға ешқандай іріктеусіз жолдама алған Аустралия спортшылары жарыс барысында тек қана өзге мемлекеттерді ғана емес, қоғамнан тыс аралда балық аулап өмір сүретін тұрғындарды да көгілдір экранға жақындатуға мәжбүрлетті. Оған басты себеп Фримэнның аборигендік болуында еді. 400 метрлік жүгіруде ол тарихи чемпион болып қана қоймай, ең үлкен аудиторияны жинауымен есте қалды.Кэти Фримэн (Австралия)

  Кастер Семеня (ОАР).  Олимпиадада допинг ұсталу спорт сүйер қауымның ығырын шығарып бітті. Соның бірі әйгілі шабандоз Лэнс Армстронгтың допинг қолдану арқылы ғана адам сенгісіз жетістікке жетуін мойындауы болып табылады. Ал жыныс ауыстыру оқиғасы сонау 1930 жылдардан бері орын алғанымен, әлі күнге дейін спорттағы жаңашылдық ретінде есептелуде. Мысалы, 1930 жылы польшалық Станиславе Валашевичке әлемде тең келер жеңіл атлетші табылмады. Кейін ол қаза тапқан соң, оның жынысын ауыстырғаны белгілі болды. 21 ғасырда осындай жайт тағы да жеңіл атлетикада орын алды. 2010 жылы Кастер Семеня әлем чемпионы атанып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік рекордты жаңартқан болатын. Осы жайт әлем назарын оның қыз екендігіне күмән келтіргенімен, ол өзін қыз ретінде дәлелдей алды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында ол күміс медалбды иеленді. 2013 жылы ол өзінің құрбысына үйленуі әлемді тағы бір күдікке салды. Бірақ Оңтүстік Африка Республикасында бір жыныстыларға рұқсат етілуінің арқасында ол тағы сытылып кетті.Кастер Семеня (ЮАР)

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*