Адам қолымен жасалған әлемнің — жеті кереметі

Жарияланды at 12:46
2185 0

Табиғаттың таңғажайып кереметтерін естігенде таңдай қағып, тамсанбайтын адам болмас. Әлемде адам фокторынсыз Алла жаратқан табиғат кереметтерінің көптігі сонша, бүкіл ғұмырыңды саяхаттаумен өткізсең де, таңғажайып дүниелерді көріп тауыса алмассың. 

Әлемнің «Жеті кереметіне»  кіретін жүздеген табиғат таңғажайыптары бар. Бірақ сол табиғат ғажайыптарынан бөлек адамзат қолымен жасалды деген басты жеті кереметті назарларыңызға ұсынып көрсек.

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әміршісі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше әдіспен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде жер бетіндегі ең зәулім ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда ежелгі грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісікезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Талғат Жанысбай

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар