САЙТАННЫҢ СЫҢАРЫ ҚАНІШЕР ГОЛОЩЕКИН ҚАЛАЙ ӨЛДІ?

Жарияланды at 13:58
4815 8

Қазақтың қас жауы, көзіне қан толған қанішер, геноцид жасаушы жауыз әрі сайтанның сыңары Голощекинді білмейтін қазақ жоқ шығар. Көріңде өкіргір Филипп Исаевич Голощекин 1876 жылы Витебскіде өмірге келген еді. Өмірінің сан жылын Ресейдегі революциялық қозғалыстарға арнаған ол, 1924-1933 жылдар аралығында Қазақстанның Компартиясының бас хатшысы (бүгінгі тілмен айтқанда президенті) қызметін атқарады. Осы жылдар аралығында аса жауыздық пен қатыгездік саясатын ұстанған ол, ұжымдастыру саясатын күшпен жүргізді. «Кіші қазан» идеясын ұсынып, сол әрекетін іске асыру жолында байлар мен қарапайым халықты қанады. 1928 жылдан бастап ол саясатын қанмен асыра бастады. Қарсы шыққанды атты, асты, түрмеге жапты. Қазақтың саяси элитасы мен зиялыларын қудалап, қуғын-сүргін саясатын іске асырды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов және өзге де ұлт зиялылырының артына шам алып түсіп, қудалады. 1931-1933 жылдар аралығында елімізде Голощекин саясатының әсерінен ашаршылық орнап, Қазақ халқының 75 пайызы немесе 3 млн халық қырылып қалды. Миллиондаған халық босып, Қытай мен Өзбекстан, Монғолия мен Ресей және өзге де аймақтарға қоныс аударды. 1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады. 1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған әлгі Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, ол шын мәнінде жалғыз әділетті айыпталған халықтың шынайы жауы еді. Сөйтіп, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды. Солайша көріңде өкіргір жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты. Алайда ол қанішерге қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтатын болады.

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мақтаралдағы шаруалармен кездесті

Жарияланды - 01.07.2016 0
ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мақтаралдағы шаруалармен кездесті Таяуда облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мақтарал ауданында болып, ондағы шаруалармен кездесті. Мақта еккен…

ОЙСЫЗ ЖАНАР…

Жарияланды - 15.12.2015 0
Мінез бен күрес Жұмысынан жаңа келген Жұмахан үйдегі өлі тыныштықтың себебін нақты білмесе де, іштей сезіп, өзі де аяғының ұшымен…
Алаш
2016-06-02 22:59:25
Көріңде өкіргір, тірілтіп қайта өлтірсем ғой, маңдайыңдағы миды отқа шыжқыртып тұрып
almas
2016-05-30 18:34:44
1 млн. 875 мын. Атакты галымдардын жумыстарына суйенсек.
жасулан
2016-05-30 20:09:26
Аз көрініп тұр ма 2000000 жуық адам
Берiк
2016-06-19 13:02:06
Кайтпек, керек... АЛЛА ТАГАЛА сол, бабаларымызды жаннатан етсiн.
Сəулекуль
2016-08-04 12:46:53
Ата бабалвр көрген зұлматты енді еш ұрпаққа көрсетпесін,Жаратқан Иеміз.
Таке
2016-08-02 10:16:53
Сенің атақты деп отырғаның орыс ғалымдары болар немесе орысқұл ғалымсымақ күшіктер болар .
Молдир
2016-12-27 02:16:16
Олген адамга балагат создер айтып кереги жок, адам олгеннен кейин барибир оз акысын алады. Олген адамга кайта дуга жасау керек,: "жаткан жери жайлы болсын, топырагы торка болсын" деп.
Рая
2017-06-01 13:14:22
Сол заманда өмір сүрген қаншама адамның көз жасы, қиналғаны, жазықсыз жаламен қыршыннан қиылған жасы. Осының бəрі тек жай ғана көз жұма қарайтын нəрсе емес. Бұан қазіргі қоғамныңда мойнына артылатын үлкен жауапкершілік. Себебі адамның əр тамшы жасы үшін кім жауап бермек....