Мирзоянды «Мырза-жан» деудің енді қажеті жоқ!

0
411

Левон Исайұлы Мирзоян 1887 жылы Шушен уезінде дүниеге келген. Ол большевиктер патиясының мүшелігіне 1917 жылы қабылданып, содан саясатқа жіті араласа бастайды.

Сәуле Рақымқызы мұрағаттан арнайы Мирзоянға қатысты құжаттарды іздеу барысында, Мирзоянның Сталинге жазған құпия хатына жазылған мәліметін тапқандығын жариялаған.

Ол құпия хатта:

Кеңестік саясатқа қарсы жасалған әрекеттердің негізінде біз бірінші деңгей бойынша 8 мың адамды, екінші деңгей бойынша да 8 мың адамды ату жазасына кесуге рұқсат алдық. Қазір бұл меже толығымен жүзеге асты. Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Кеңестік ұстанымға қарсы шыққандарды түгелдей жазалауымыз керек. Арнайы ұйымдардың арқасында біз тағы 1600 адамның қитұрқы әрекетке баруға дайындалғандарын әшкереледік. Сол себепті, «Халық жауы» атанғандарды қоғамнан толығымен аластау үшін сізден бірінші деңгей бойынша тағы 600 адамды, екінші деңгей бойынша 1 мың адамды ату жазасына кесу үшін рұқсат сұраймыз. Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Мирзоян» – деп қол қойып жолдаған.

Міне көрдіңіздер ме? біз тәуелсіздік алған жылдардан бастап «Мырза-жан» деп мырзалығын айтып, көшеге  атын беріп мәз едік.  Тарих ерте ме, кеш пе бәрібір таразылайды» деген сөздің жаны бар. Десе де, әлі күнге дейін тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып үлгермеуде. Оған бірден-бір себеп, КНБ мұрағатындағы Алаш зиялыларына қатысты құжаттардың әлі де болса, құпия сақталуында болуында. Егер біз сол құжаттарды ақтарар болсақ, ХХ-ғ  қазақтың басына түскен нәубет кезеңдерінің басым бөлігін тарих таразысына салып, күллі қазақ халқына қатысты тың мәліметтерге қол жеткізер едік.

Талғат Жанысбай

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*