Алматыда мәһрге «Камри» сұраған қалыңдықты жігіт неке қию кезінде тастап кетті

Жарияланды at 20.06.2016
7644 19

Имам Қабылбек Әліпбайұлы некеге отырғанда қалыңдыққа жұбайы беретін мәһр сыйлығына қымбат дүниені сұрамауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Кейбір қаракөз қарындастарымыз, әсіресе тұрмысқа шыққандары, тұрмысқа шықпағандардың құлағына сыбырлайды екен: «Сен мәһрде сұраған кезде ананы айтып қал, мынан сұрап қал» деп. Бұл — дұрыс емес. Әрине, сұрауға қақысы бар. Бірақ бұл негізгі мәселе емес қой?», — деп сөзін бастады имам.

Ол неке қию кезіндегі оғаш жайттарды тізбектеді. «Жақында Алматыда жастардың некесін қиятын кезде қарындас үй сұрап тұр. Енді жігітке қарасам, ыңғайсызданып отыр. «Екеулеріңнің онсыз да үйлерің бар, оны не істейсің?» десем, «енді үйім болсын да» дейді. Бір қарындасым некеде «Камри» сұрады. Жігіт «алып беремін, бірақ мына әйелмен ешқашан тұрмаймын» деді. Имамға бәрін болдырмауын сұрады. Жігіт сөзінде тұрып, көліктің кілтін берді. Бірақ неке қиылмады. Қыз қатты өкінді сол жерде. Жігіт «мен саған оны онсыз да алып беретін едім, алайда дүние аңсаған қызбен мен бір шаңырақта тұрғым келмейді» деп жауап берді», — деп мысал келтірді имам.

Имам пайғамбарымыз мәһр кезінде жігітке салмақ салмайтындай сыйлық сұраған қыздарды ақылды деп айтқанын алға тартты.

nur.kz

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ДЫШАТЬ ПОЛНОЙ ГРУСТЬЮ

Жарияланды - 02.11.2016 0
В чем причина любви многих людей к грустной музыке и как это связано со способностью к сопереживанию, выяснили британские ученые.Удивительная…

2017 — ӘЛЕМДІК РЕКОРДТАР ШЕРУІ

Жарияланды - 24.02.2017 0
Жыл сайын әлемде сатылымы жоғары рекордтарды тіркейтін Гиннесс кітабы бәрімізге белгілі. Бір қызығы, тұрақты түрде шығатын кітаптардың легі бір-біріне ұқсамайды.…

Қазнетті жаулап алған жамбылдық «диктор» өз дарыны жайлы айтып берді

Жарияланды - 27.01.2016 0
Жамбыл облысында тұратын Жасұлан Кенжебай камера алдындағы кәсіби стендаптарымен Қазнетті жаулап алды.Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өз дарыны жайында және ойда жоқта…
Қазақ баласы
2016-06-20 18:18:07
Маhр сұрау Исламда бар дүние. Ал оны кейбір әпке-қарындастарымыз асыра силтеп жатқан сияқты. Мысалы, менің әйелім алтын алқа сұрады.
Қалжан.
2016-06-20 14:39:05
Не дейді, түрі бар екен! Бақытты отбасы болсақ, одан артық не керек, Əй, Аллай! Мəхр сұрамай-ақ, ата-анамыз қосылды ғой, жүзін көргені бар, көрмегені бар, Екі жасқа өле -өлгенше, қамқорлық керек, Сол қамқорлықтың ішінде бақытта, махаббатта, тыныштықта бар! Жанашырлық болмай, сезімде орта болады! Аман болыңыздар!
Анон
2016-06-20 15:18:56
Сырттікі дұрыс деп іштегіні бұзып жатырмыз.сол мәhірді сұрамай ак та айтпай акта үйленіп бақытты болып жаткан каншама жан бар.мәҺір деп канша шаңырақтын ойраны шықты.
Қанат
2016-06-20 20:26:39
Мəхр дегенді бірінші рет естіп тұрмын
Айнұр
2016-06-20 20:37:05
Мен де естімеппін... Некемізді кәдімгідей имам қиған еді... Судың ішіне алтын жүзік салып ішкізіп, екеумізді екі шымылдықтың ішінде сұрақтың астына алғаны есімде... Ортамызда жолдасы жүрді бір нәрсе айтып... Ұмтып қалдым... Бірақ бір нәрсе сұра демеді...
аноним
2016-06-21 01:46:06
Басқаларға сабақ болатын жайт екен.
Қуаеышбек
2016-06-21 02:35:03
менің əйелім мəһрге пелесос сұраған соны алып бердім.негізі мəһр мөлшері 30-40 мың айналасындағы болғаны жаксы.одан аз сұраса тіпті жақсы.кеуіне күш туспейді жане тез мəһрін алады.арі қарай жүре жүре керегін сұрап аладығо.өздеріне салмақ түспейді
Дос
2016-06-21 03:26:50
Естимеген елде коп... Менин айелим алтын алка сурады.тунгышымыз дуниеге келгенде алып бердим.негизи шамалы адам ойлану керек дейм оз басым.
Динара
2016-06-21 03:27:48
Махр әйел адамның құқығы, не сұраса да өзі біледі. Біздің елімізде әйелдердің құқығы ұстанбайды, күйеуге шығып уйсіз қалғандар аз емғс, еркектердің барлығы жауапты адамдар емес қазіргі заманда!
Ахан
2016-06-21 07:54:34
Мақыр деген не пәле. алдымен қазақ болып алыңдаршы. ебелек болмай. қай атаңның қатыны мақыр нақыр сұрап еді. Мәңкүр-нәңкүр сияқты естіледі екен.
Асел
2016-06-21 11:44:50
А можно просить уважение?
Раяна
2016-06-21 19:06:17
Мəһір- куйеуі аурып не баска да сеьептермен қаражат табуға уакытша жағдайы келмей қалғанда,не куйеуі аяқ асты қайтыс болғанда, есін жинап, етегін жиып алғанша уақытша азық түлік күн көрісіне жетерлік мөлшерде ақшалай не заттай берілетін силық. Дініміз мұны əйелдің қамы үшін бұйырған. Тек мəһір сұрарда əйел ерінің шама шарқына қарай ғана сұрай алады. Қымбат зат сұраса да өз еркі тек егер күйеуі ауқатты шамасы келер жан болса, алып беруі міндетті. Қарапаиым жағдайдағы ер кісіні кинамай қаражатына қарай силық сұрау-əйелдің салихалылығы, еріне ьолашақта да салмақ салмайтын парасаттылығын көрсетеді. Мəһір беру міндет, тек шамасына қарай сұрауды ұмытпаған жөн, ал əйел өз еркімен ештеңе сұрамаса да болады, ең аз мөлшері мəһірдің қазіргі уақытта 10000тг көлеміндегі зат. Яғни ері асырауға келмей қалған қиын жағдайларда əйел затты сатып, уақытша күн көруіне жеткілікті сумма болу керек силық.
Канагат
2016-06-21 22:07:35
Асалаумагалейкум курметті жамағат оте жаксы пикирде екенсиздер Алхамдулилах Казакстаннын азамат және азаматшалары осындай миндеттерин орындагай
Макося
2016-06-21 23:19:23
Оте дурыс айтасыз
Аноним
2016-06-22 15:10:01
Саламатсыздар! Биздин тойда жолдасымнан сураган не апере аласын деп, еркек адамнан сураган дурыс болар шама-шаркына байланысты айтады егере кыз балалар огаш кылыктар корсетип жатса...
Нургул
2016-06-23 11:13:14
Куйеуиме мешитте алтын билезик сурасам бола ма деп сурап алдым.я деди.2 ай откен сон 25 мынга алып берди.шамасы келетин зат сурауга болады арине,машина,уй деген кейн ортактасып акша жинап алатын нарсе деп ойлаймын.
асель
2016-06-25 12:34:02
Уважение нужно заслужить покорностью и хорошим просто превосходным характером. А то эти махром в лицо еще плюнит
Кореген
2016-06-27 13:34:44
Махр деп кайтесиндер, одан да уйленгеннен кейин баланы туып туып тастандар бытырлатып,сонан сон барлыгы сеники болады гой .
Кореген
2016-06-27 13:36:46
Махр дегенди билмей ак уйлендик неке киган кезде, казир барлыгы кемпиримнин атында.