Қазақтар жер емшегін ембеген, ембейді дегенге сенбеңіз.

0
989

«Жер комиссиясының» кезекті, 5-ші кездесуі Алматы облысы Байсерке ауылында өтіп жатыр. Байсерке Агродан әсер керемет. Қазақтар жер емшегін ембеген, ембейді дегенге сенбеңіз. Қазақтың қолынан бәрі келеді. Бүгін жиын Алматы обл-да өтіп жатқан соң, тікелей осы аймаққа қатысты 3 мәселені көтердім. Олар:
1) 10 соток(ондық) мәселесі. Елге жер жоқ дейміз, ал Алматыға іргелес Алматы облысының 3 ауданында кез-келген ауылға бара қалсаң «жер сатылады» деген тақтайшалардан көз ашпайсың. Осы мәселе реттелу керек, егер жекеменшік болған жағдайда жер о баста алынған бағасынан екі еседен артыққа сатылмауы керек. А/ш нысанымен алынып ондыққа бөлініп елге қыруар ақшаға саиылып жатыр.
2) жайлауға баратын жол ауылдан тіпті 100 шақырым болса да ешкімге жалға берілмеуі керек. Жол бәріне ортақ.
3) өзен бойы. Өкінішке қарай өзен бойын сатып не жалға алып, төмендегі елге қиянат жасап отырған шаруалар жоқ емес. Өзен бойы сатылмауы да, жалға берілмеуі де керек.

Жер комиссиясының мүшесі, Дәурен Бабамұратовтың фейсбук парақшасынан

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*