Ресей Ыстық көлді әскери сынақ алаңына айналдырды!

Жарияланды at 11:27
890 0

  Ресей Федерациясының Теңіз Әскери Күштері, күрең күздің соңында «Футляр» атты терең суда қолданылатын торпедамен қаруланбақ. Әзірге бұл торпеда түрі, сынақ кезеңінде тұр дейді БАҚ көздері.

  «Қазіргі таңда торпеданың жаңа түрі мемлекеттік деңгейде Қырғызстандағы Ыстық көлде сынақтан өткізілуде. Бұл сынақтарды жылдың соңында аяқтау ойда бар. Сынақтар сәтті аяқталса, торпеданы қарулану жиегіне жіберетін болады, ал 2017 жылы бұл торпеданы мыңдап шығару жоспарда бар» — деген мәлімдеме БАҚ беттерінде жария болды.

   Жаңа торпеда өздігінен нысан табатын қасиетке ие болмақ. Сондай-ақ, оны кеме ішінде отырып та басқаруға болады. «Футляр» торпедасымен «Борей», «Ясень» сынды атом сүңгуір кемелері жарақтанатын болады. «Футляр» торпедасы жаппай қолданысқа енген сәтте, «Физиков» торпедасын шығару тоқтатылатын болады екен. Осылайша Ресей курорттық көл саналатын Ыстық көлді, сынақ алаңына айналдырды.

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Біз бүгін тарихи мәселені шешу үшін жиналдық — Назарбаев

Жарияланды - 03.03.2017 0
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының біріккен отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу»…

Қазақстан Калифорнияда Виктор Храпуновтың ісін қарауға қол жеткізді

Жарияланды - 31.03.2017 0
 Виктор Храпунов Калифорниядағы АҚШ-тың федерал апелляциялық соты Қазақстанның Виктор Храпуновтың ісіне қатысты позициясын қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет…