Үндістанда сиыр етін сатқандарға малдың тезегін жегізіп, зәрін ішкізді(видео)

Жарияланды at 11:36
760 0

Үндістандағы «Сиырларды қорғау отрядының» белсенділері 700 келі мал етін сату мақсатында жолға шыққан саудагерлерді ұстап алған. Белсенділер елдегі заңға, халықтың наным-сеніміне қарсы шыққандарды сиырдың көңін жегізіп жазалады.

Бұл туралы Indian Express жазады деп хабарлайды Stan.kz.

10 маусым күні болған бұл жағдай желіде тек екі апта өткеннен кейін  тараған. Отряд белсенділері Харьян штатындағы Меват округінен шыққан еттің Нью-Делиге тасымалданғанын байқап қалады. Олар саудагерлердің ізіне түсіп, кейін олардың сиыр етін тасымалдағанын анықтайды.

Жануарларды қорғаушылар ұсталғандарға панчагавьейді күштеп жегізген.

Панчагавьей- сиырдың тезегі, сүті, зәрі, майы мен йогурт қоспасы. Бұл қоспа үнділердің дінінде құлшылық уақытында құрбандықтың бірі есебінде пайдаланылады.

Белсенділердің жетекшісі Дхармендр Ядавтың сөзінше, мұндай жаза оларға сабақ болсын деген мақсатта жасалған. Сондай-ақ, өзгелерді мұндай әрекеттен аулақ болуға үндейді.

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаты педофилдердің көбеюіне әлеуметтік желілерді кінәлады

Жарияланды - 22.10.2015 0
Әлеуметтік желі – жас балаға құмар, ал азғындарға таптырмас құрал. Мәжіліс депутаттары балғындарды зорлайтын педофилдердің көбеюіне ғаламтордағы қатаң қадағалаудың жоқтығы…

МҰНАЙ БАҒАСЫ ТҮСТІ, РУБЛЬДІҢ ҚҰНЫ ҚАЛЫПТЫ

Жарияланды - 15.03.2017 0
Дегенмен Ресейлік Үкімет қалыптасқан статус-кво-ға разы емес. Себебі Жылдың басында рубль айтарлықтай көтерілді. Бірақ кейін әлемдік нарықтағы мұнай бағасының түскеніне…