Соқыр үміт

Жарияланды at 07.10.2015
1835 0

тагЖелтоқсан ызғырығы. Айналаны әлдебір салқындық басып тұр. Бұл жолғы қыстың қаһары мейілінше ерекше. Құдды бір пейілі мен ісіне орай топқа жіктелген адамдардың арақатынасынан туындаған суықтық секілді.  Бауыр еті баласынан айырылған ананың көз жасы, буырқана ескен желмен жарыса түскендей. Балапанының жансыз денесін құша алмаған жанның жүрегі күлге айналған мүрде жанында өксікпен тұншыға жылады. Кеудені жаншыған жалын от, айналаны тегіс жалмағандай. Ендеше, болған оқиға ізімен шырматылған шырмауық түйінін тарқатып көрелік….

Айша ананың бар байлығы қара көз жалғыз қызы мен кішкентай ұлы болатын. Бала күнінен зерек өскен Марал мектепте ең үздің оқушы болды. Аудандық, қалалық олимпиадалардың жеңімпазы атынып жүр­ген Маралдың арманы ЖОО-на түсу еді . Үрімдей жас, періште қыздың бар ойы анасының үкілеген үмітін ақтау болды. Ол өзіне сенді. Әкесі ішкілікке салынған қыз үй-ішінің жағдайына қарап, анасына ауыртпалық салдырмауды ойлап, тек өз күшімен оқуға түсуді ойлады. Бірақ, қыздың емес, маңдайына жазылған тағдырының қалауы басым болды. Анасы осыдан 2 жыл бұрын жалғыз қызын жетектеп, қаладағы ең үздік оқу орнына түсіреді. Баласының болашағы үшін қасықтап жинаған бар тиын-тебенін ақылы оқуына құяды. Күндері қара су мен қара нанаға қарап қалса да, ана жүрегі қызының білімді де білікті, қазіргі заманға қабілетті тұлға болып қалыптасқанын қалады.
Марал үйінің үлкені, жалғыз қызы. Соңынан ерген інісі мектеп жасындағы кішкентай ғана бала. Анасы ғана жұмыс істейтін қыздың тұрмысы да орташа деңгейде болды. Әкесінің көзі тірі дегені болмаса, күнделікті ащы суға тойып, ауыл ішінде неше түрлі «концерт» қоятынына көзі үйренгелі қашан…Сондықтан да мектеп қабырғасынан үлгерімі үздік болған қыздың алдағы бар ойы отбасын аяққа тұрғызып, анасының армандарына қанат бітіру болатын.
Оқу жылының алғашқы күндері. Марал ЖОО-на түскен күннен бастап, қала өміріне тез сіңісіп кетті. Ол үшін зәулім ғимараттар мен сауық-сайранға толы өмір ерекше, таңсық боп көрінбеді. Өзге достары секілді сауық кештерінің соңында қумады. Керісінше өзіне артылған жауапкершілікті жақсы түсінетін қыз университетіндегі студенттердің алды болды. Нәтижесінде сабақ үлгерімі жақсы қызды байқаған ұстаздары Маралдың жыл сайынғы төлейтін оқу ақысына жеңілдік жасағаны бартын. Тек өмір шіркін өз орында тұрған ба?! Көзінің қарашығындай қорғаған қарақат сұлуының тағдыры өзгеше түрленіп сала берді. Аққанат құстың жібектей жібін байлаған тағдыр өзгеше түрленді.
Кешкі алтылар­дың шамасы. Тас жолда жүйіткіген көліктердің санында шек жоқ. Сол уақыттарда жүр­гізушінің автокө­лігі­­мен Марал үйіне қайтып келе жатқан-ды. Осы сәтте қарама-қарсы бағытта жанар майы бар автокөлік сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүргізіп келе жатады. Салдарынан Автокөлік жылдамдығын азайтпай, жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, қарсы келе жатқан Марал отырған жеңіл автокөлікке барып соғылады. Жанар май тасуға арналған автокөліктің үстіңгі қақпағы ашық тұру салдарынан соқтығыс кезінде жанармай төгіліп, оқиға болған жерде екі автокөлікте жанады. Осылайша қас-қағым сәтте қаршадай қызды жазмыштың қамшысы солқ еткізді. Осылайша періште қыздың денесі күлге айналып кетеді.
Айналаны ыстық жел есті. Лапылдап жанған оттың жанына жолаудың өзі мүмкін емес-ті. Тірідей шырылдап өртенген балапаннына жеткен ананың сол кездегі күйі тірі өлікпен тең еді… Асқақ арманын арқалаған асылы көз жұмды. Тірі денелерін сүйреткені болмаса, қызының көмірдей жанып, күлге айналған денесін құшу, ана үшін ең ауыр азапқа айналды. Бір күннің ішінде қарашаңырақтың басына қара бұлт үйірілді.
Түн… Аспан қара түнек. Нөсерлете жауған жаңбырдың ағыны да өзгеше. Құдды бір бірнәрсені айтқысы келгендей, желмен бірге жарыса жаууда. Көз алдында күлге айналған қызының денесіне қарап Айша ана қалды. «Жоқ. Мүмкін емес. Мааралым, қызым, жалғызым… Бізді тастап қайда барасың?» деп бар даусымен жылаған жанның даусы ызғырық желмен есті. Амал нешік, өлгеннің артынан өлмек жоқ…
Арада біраз уақыт өтіп, есін жиған Айша ана болған жайтқа кінәлі адамды іздейді. Бірақ, бұл іс жабулы қазан күйінде қалғалы қашан… Осы сәтте, С.Торайғыровтың «…кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» деген сөзін еріксіз еске оралады екен.
Осындай жайттарды естіп көргеннен кейін кеу­дені сансыз сұрақ кернейді екен. Осы біз естімейтін керең, көрмейтін соқыр, айта алмайтын мылқау тірліктен қашан құтылады екенбіз? Қалтаның қамын күйіттеген қазекем қашанғы қорғансыздың күнін кешпек? Жазадан жалтарған жазықты, ананың өзегін өртеген өртті түсіне ала ма? Қайдан… Оның әділеттілік іздеп шарқ ұрған жанын ол түсіне алмас. Асылы түсінгісі де келмейтін шығар…

Ақбота Ерболқызы

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Шын сүйе білесіз бе?

Жарияланды - 29.10.2015 0
Дүние махаббаттан жаралған. Адам біреуді сүйгендіктен, немесе біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен, біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш- жігер кернеп, биік…

Сағынышымды ұрлады…

Жарияланды - 28.01.2016 0
Төрт қыздан соң туылған Тұрардың үйдегі, ата-ана, бауырларының алдындағы орны тым биік болатын. Айтқанын екі етпейтін әкесі ұлының бар тілегін…

Көз жасынан құралған бақыт

Жарияланды - 16.11.2015 3
Сонаумен сонау созылып жатқан зауытта «біреу көріп қоймасын» дегендей тығылып-қашып жүрген Дәулетке сырт қараған адам күлер еді-ау. Жасы отызға таяған…