Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің денесі Есентай өзенінен табылды

0
496

Алматыдағы Есентай өзенінде белгісіз адамның мүрдесі табылған болатын. Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек өзеннен табылған жігіттің Сафар Шәкеев екенін растады.

Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің денесі Есентай өзенінен табылды  (фото)

16 шілде күні жоғалып кеткен танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстары бүгінге дейін нәтиже бермеген болатын. Бүгін құтқарушылар Есентай өзенінен белгісіз адамның мүрдесі тапты. Өзен айналасы қоршауға алынып, марқұмның кім екені анықталғанша журналистерді де жақындатқан жоқ.

Кейін NUR.KZ тілшілеріне ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек өзеннен табылған жігіттің Сафар Шәкеев екенін растады.

Дереккөз: Nur.kz

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*